Қабылдау комиссияларының байланыстары

Интеграциялық және жаңғырту процесстері жағдайында адам капиталын дамыту

Еуразиялық интеграция институты «Интеграциялық және жаңғырту процесстері жағдайында адам капиталын дамыту» атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді. Конференция Астана қаласында, 2018 жылғы 14 қарашада өтеді. Конференцияға мемлекеттік органдардың, халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар шақырылады.
Конференция аясында пленарлық отырыс және үш панельдік сессия өткізу жоспарланған:

1) «Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізу»;
2) «Қазақстанды жаңғыртудың негізі ретінде азаматтық қоғамды дамыту»;
3) «Ауқымды технологиялық өзгерістер жағдайындағы жаңа еңбек саясаты».

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне қосымшадағы (сайтта www.iei.kz) үлгіге сәйкес өтінім мен баяндаманы 2018 жылғы 9 қарашаға дейін жіберу қажет. Ұйымдастыру жарнасы талап етілмейді. Конференцияның қорытындысы бойынша мақалалар жинағы басып шығарылады. Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Баяндамалардың мәтіндері, 3-10 бет көлемінде, Word мәтіндік редакторда терілуі тиіс: DOC, DOCX немесе RTF форматы, Times New Roman қарпі, қаріп өлшемі 14 пт, бірлік жоларалық интервалы, барлық шеттері – 25 мм, 1-бетте (жоғарыда) – бас әріптермен баяндаманың атауы, төменде – автордың тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптері, ұйымның атауы, е-mail. Белгіленген мерзімнен кейін ұсынылған материалдар қарастырылмайды. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің конференция тақырыбына немесе қойылған талаптарға сай келмейтін материалдарды қабылдамау құқы бар.
Ұйымдастыру комитетінің пошталық мекенжайы: 010000, Астана қ., Сыганақ к-сі, 29, 907 каб. e-mail: info@iei.kz, т. +7 (7172) 517024, +7 (7172) 517024.

Форма

Яндекс.Метрика