Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін талапкерлердің назарына!

Республикалық бюджет есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өткен жылғы бітірушілер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін білім беру ұйымдарының бітірушілерінен өтініштерді қабылдау 2020 жылғы   1сәуір мен 30 сәуір аралығында жүзеге асырылады.

ҰБТ-ға өтініш беру:

1 қадам

Міндетті түрде онлайн режимде алдын-ала өтініш беру керек :

  • ent2020-tipo.testcenter.kz сайтында тіркеу батырмасын басу және электрондық поштаны көрсету;
  • Электрондық поштаға келген логин және парольмен сайтта авторизациялану;
  • ЖСН көрсету және сәйкестендіріуден өту (егер ЖСН бойынша деректер табылмаса немесе қате көрсетілген жағдайда, онда Сіз алдын ала өтініш берме алмайсыз қабылдау комиссиясына мәлеметтеріңізді беру арқылы жүргізу қажет). Оқу орнын шетелде бітірген ағымдағы жылдың түлектері, соның ішінде ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар да алдын ала өтініш бере алмайды, қабылдау комиссиясына хабарласып өтініш береді;
  • Интерфейске тіркеу мәліметтерін енгізу керек;
  • Мына тәсілдің біреуімен төлем жасау керек: банк картасы немесе Kaspi.kz сайты арқылы. Тестілеу бағасы– 2242 теңге;
  • Өтініштің бірегей нөмірін жазып алу және Хореография академиясының техникалық хатшысына хабарлау (Асима Байжановна 8 702 837 65 12).

2 қадам (Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін)

ЖОО-ның қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру:

  1. Өтініш (ЖОО-да беріледі);
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. 3 x 4 өлшемдегі екі фотосурет;
  4. Орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатты (түпнұсқа);
  5. 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, электронды нысанда.

Рұқсаттама алу

Рұқсаттама алу үшін ЖОО-ның қабылдау комиссиясына бару қажет (ТЖ режимі аяқталғаннан кейін)

Рұқсаттаманы алғаннан кейін тексеру қажет:

  1. ТАӘ (бар болған жағдайда);
  2. Жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді (қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына өтініш берген тұлғалар үшін);
  3. Тестілеу тапсыру тілі.

Мәліметтер дұрыс болмаған жағдайда ЖОО-ның қабылдау комиссиясына хабарлау қажет.

ҰБТ өткізу

Тестілеуге кіргізу кезінде өзімен бірге міндетті түрде болуы керек:

  • Жеке куәлік;
  • Тестілеу рұқсаттамасы;
  • Қара немесе көк түсті ручка.

ҰБТ өткізу мерзімі: 2020 жылғы 20 маусым – 5 шілде аралығында

Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау 2020 жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Шығармашылық емтихандар: 2020 жылғы 8 – 13 шілде аралығында жүргізіледі

 

 

Яндекс.Метрика