Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жоғары класс оқушылары үшін «Күйзеліс – күшті болу тәсілі» тақырыбында өмір сүру төзімділігін қалыптастыру тренингі онлайн-форматта өтті

2020 жылдың 10 сәуірінде жоғары класс оқушылары үшін «Күйзеліс – күшті болу тәсілі» тақырыбында өмір сүру төзімділігін қалыптастыру тренингі табысты өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі. 

«Күйзеліс – күшті болу тәсілі» өмір сүру төзімділігін қалыптастыру бойынша онлайн-тренинг

Қайырлы күн, құрметті онлайн-тренингке қатысушылар!
Бүгінгі кездесуіміздің тақырыбы «Күйзеліс – күшті болу тәсілі». Ғылыми терминологияға терең үңілмей-ақ, күйзеліс – адамның қатты қобалжыған күйі, яғни өзіне әсер еткен проблемаларға берген жауабы деп айтуға болады.   

Қымбатты онлайн-тренингке қатысушылар! Жұмысты бастамастан бұрын бір сұраққа жауап берулеріңізді сұраймын: 

Сұрақ:
Мына пікірлердің қайсысы сіздің күйзеліске қатысты көзқарасыңызға көбірек сәйкес келеді?
А) Күйзеліс зиян, кез келген тәсілдер арқылы одан аулақ болуға тырысу қажет.
Б) Күйзеліс пайдалы, және оны қабылдап, игілік үшін пайдалана білу керек. 

Өмірде әр адамның басында ауыртпашылықтар болады. Оларға тап болғанда, адамдар өздерін әртүрлі ұстайды, проблемаларды әртүрлі шешеді:
А) біреулер үшін — бұл «тағдырдың тауқыметі», «сәтсіздік», «ақыр»;
Б) басқалар үшін – жай ғана «сынақ», «тегеурін», тіпті «жаңа мүмкіндіктер».

Табысты және атақты адамдардың сәтсіздік пен күйзеліске қатысты көзқарасын алып қарайық. 
Бүкіл әлемде табысты, бай, дені сау адамдардың өмірдегі сынақтарға, тағдырдың тауқыметіне деген көзқарасы бірдей. Олардың өмірлік ұстанымы:  “Өлімге әкелмейтін нәрселердің бәрі, мені күштірек етеді”. Күшті адам кез келген сынақ пен сәтсіздікті өсу деңгейі ретінде қабылдайды. 
Мысалы,  әлемге әйгілі баскетболшы Майкл Джорданды бала кезінде мектептегі баскетбол командасына қабылдамаған, себебі жаттықтырушы оның таланты жоқ деп есептеген.  Бұл сынақ болатын. Сонда бұл қара нәсілді жігіт не істеді? Көз жасына ерік беріп, сүйікті спорт түрінен бас тартты ма? Мүлде олай емес! Ол жай ғана жаттыға бастады. Өзінің құрдастарынан да, мектеп командасының бақытты мүшелерінен де көп жаттықты!   

ЦИТАТА “Өзімнің спорттық мансабымда мен тоғыз мыңнан артық мүлт кеттім. Мен үш жүзден аса матчта жеңілдім. Команданың жеңуі үшін маған жиырма алты рет соңғы доп лақтыруды сеніп тапсырды – мен мүлт кеттім. Мен қайта-қайта жеңіле беремін. Себебі мен — Чемпионмын!”

Бұл сөздерді қазіргі заманның әйгілі спортшысы, аты аңызға айналған адам Майкл Джордан айтқан. Өзінің спорттық мансабында бес жүз миллион доллар шамасында табыс тапқан атақты баскетболшы. Бүкіл әлем жастарының кумиріне айналған адам. Міне, талай жеңілістерді, түсінбеушілікті, сынақты бастан кешірген ол танымал спортшы әрі чемпион болды. Оның сөздері көрнекті адамдардың сәтсіздікке қатысты көзқарасын тым жақсы көрсетеді.    

Томас Эдисон. Оның өмірі тамаша жетістікке жету жолында қиындықтармен күресу және оларды жеңіп шығудың айқын дәлелі. Шамды ойлап табу кезінде Эдисон 10000 мәрте сәтсіздікке ұшыраған. Қиындыққа мойымау үшін оның 1000 себебі болған. Алайда ол қиындықтарға берілген жоқ, 10001 мәрте болғанда, оның қолынан келді. Эдисонның өзі осы жөнінде былай деген: «Мен 10000 рет сәтсіздікке ұшырадым, мен 10000 рет ненің жұмыс істемейтінін таптым» Сәтсіздіктен шаршағанда, егер қолыңыздан келмей жатса, онда әлем келбетін мәңгілікке өзгерткен, жеңіске жету үшін талай рет талпынған Эдисонның 10000 сәтсіз тәжірибесін есіңізге түсіріңіз.    

Біз Томас Эдисонды ұлы өнертапқыш, өз дәуірінің данышпаны ретінде білеміз. Оның басынан өткен қиындықтары туралы өмірбаянынан оқып білуге болады. Аса қиын сынақтарды бастан кешіріп, мойымай қарсы тұрған адамдар өте көп. Олар – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ленинград блокадасын бастан кешірген адамдар; спорпен айналысып, олипиадаларда жеңіске жетіп жүрген мүгедектер…  

Ауыр сынақтардан қайыспай жеңіп шыққан адамдар туралы өздеріңіздер де білетін шығарсыздар. 

ВИДЕО көрсетілім

Қиындықтар туралы әңгіме: «Көбелектің сабағы»
Бір күні пілләда кішкентай саңылау пайда болды. Оны қасынан кездейсоқ өтіп бара жатқан адам осы кішкентай саңылаудан шыға алмай жатқан көбелекті ұзақ уақыт бойы бақылап тұрды. Көп уақыт өтті, көбелектің күші таусылған сияқты, ал саңылау әлі де болса кішкентай. Көбелек қолынан келгеннің бәрін істеді, алайда күші таусылған сияқты. Сонда адам көбелекке көмектескісі келіп, бәкісімен пілләні жарды. Сол сәтте көбелек ұшып шықты. Бірақ оның денесі әлсіз әрі дәрменсіз еді. Қанаттары селдір, әрең қозғалды. Адам одан әрі бақылап тұра берді. «Қазір көбелек қанаттарын қағып, ұшып кетеді», – деп ойлады. Ештеңе өзгерген жоқ! Көбелек қалған өмірін өзінің әлсіз денесін, жазылмаған қанаттарын сүйретіп жүруге мәжбүр болды. Ол енді ешқашан ұша алмайды.  

Осының бәрі, көмек қолын созған адамның әрекетінен болды. Себебі, көбелекке пілләнің кішкентай саңылауынан шығу үшін күш қажет. Оның денесінен сұйықтық бөлініп, ол қанатқа айналады, осыдан кейін көбелек ұшып шыға алады. Өмір көбелектің өсіп, одан әрі дамуы үшін осы пілләдан қаншама қиыншылықпен шығуға мәжбүр етеді.           

Кейде өмірде бізге де осындай күш қажет. Егер осындай қиындықтар болмаса, біз қазіргідей күшті болмас едік. Біз ешқашан ұша алмас едік.

ВИДЕО көрсетілім «Қиындықтарды жеңу арқылы даму».

Осылайша, күйзеліске әкеп соқтыратын проблемалар даму үшін аса маңызды екенін көріп отырмыз. Барлығы күйзеліске деген көзқарасқа және пробемаларды өз игілігіңе айналдыра білуге байланысты. 

Әрине, осы кезде сұрақ туындайды: Өз пайдаң үшін күйзелісті жеңіп шығу үшін мұны қалай істеу керек және не істеу керек?

Енді бүгінгі онлайн-тренингтің практикалық бөліміне тоқталсақ.
Күйзелісті қалай басқаруға және өзіміз үшін тиімді «ашуды шығару клапандарын» қалай табуға болатынын талқылаймыз, сондай-ақ «Әрбір минуста» «плюстар» бар» жаттығуын меңгереміз.

Күйзеліс жағдайын нашарлата түсетін албырт және озбыр қылықтардың алдын алу үшін өзіңіздің «ашу шығаратын клапандарыңызды» табуға кеңес береміз.  

Қиындықтарды жеңе білу үшін артық қобалжуды баса білу керек.

Ашу мен қатты қобалжу кезінде оларды бәсеңдету мақсатында қолдануға болады:

  • Терең тыныс алыңыз
  • Спорттық грушаны немесе жастықты ұрғылаңыз
  • Жүріп келіңіз немесе жүгіріңіз, спорт жеңілдеп қалу үшін.
  • Адам жоқ жерде қатты бар дауысыңызбен айқайлаңыз
  • Контрастылы душ
  • Қолмен физикалық жұмыс істеңіз
  • Табиғатты тамашалап, саябақта қыдырыңыз
  • Музыка тыңдаңыз
  • Досыңызбен, психологпен сөйлесіңіз

Осылардың ішінен қобалжуды басу үшін өзіңізге тиімдісін таңдап алыңыз

«Әрбір «минуста» үш «плюс» бар» жаттығуы

Маған бұл жаттығу қатты ұнайды, және осы жаттығуды қолдануға кеңес беремін. 
Мен оны өз өмірімде жиі қолданамын. Болған жағдайға артық эмоциясыз, парасатты түрде талдау жасауға, баға беруге және жағдайды өз пайдаңа асыруға көмектеседі.

Робинзон Крузо жасаған кесте.

 

+
Мен тағдыр айдап осы қапас аралға тап болдым және менде одан құтылудан еш үміт жоқ. Бірақ, мен тірімін, мен басқа жолдастарым сияқты суға кеткен жоқпын. 

 Осындай керемет тәсілмен мені сол өлімнен кім құтқарды екен. 

Менің жабыраңқы жағдайымнан мені құтқарғысы келген шығар.

Я адамдар мен аңдар шабуыл жасаса, қорғансызбын. Алайда, мен тап болған аралда тірі жан жоқ, Африка жағалауындағы сияқты 

бірде бір жыртқыш аң көрмедім.

Егер Африка жағалауына шығарып тастаған не болар едім?

Өзімді жұбату үшін ешкіммен тіл жарып сөйлесе алмаймын. Алайда, құдай біздің кемемізді жаға жақын әкеліпті,

мен өзіме қажет заттарды жинап алдым, бірақ өмірімнің соңына дейін өз нанымды

өзім тауып жейтін мүмкіндікке ие болдым.  

 

 Қатысушылармен интерактивті жұмыс

«Карантин жағдайындағы плюстар мен минустар»
Онлайн-тренингке қатысушылар карантиннің өзекті жағдайында қандай плюстар мен минустарды көретінін чатқа жазады.
Талқылау. Қорытынды және жұмысты аяқтау.

 

Яндекс.Метрика