Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жеке тұлғалық өсу бойынша онлайн-тренинг

Ішкі ресурстарды үнемдеу және дағдарысты қалай жеңуге болады?

2020 жылдың 8 сәуірінде Қазақ ұлттық хореография академиясында профессор Ш.Сатиева  Студенттік ғылыми қоғам аясында «Карантин мен оқшауланудан қалай құтылуға болады: психологтың практикалық кеңесі» тақырыбында жеке тұлғалық өсу бойынша онлайн-тренинг өткізді.

Тренинг барысында жабық кеңістікте оқшауланған өмір салты, дене және  әлеуметтік белсенділіктің төмен деңгейінің денсаулыққа, өмірге және өмір сапасына кері әсерін  қалай тигізетіні туралы сұрақтар қаралды. Мазасыздық пен тітіркену сезімдері туралы медитацияны жүргізуге арналған кеңестер мен әдістер берілді. Ғаламдық дағдарыста қалай өмір сүруге болады? Ресурстарды қайдан, қалай табуға және қойған мақсаттарды қалай дамытуға болады? Жақсы әдеттердің жасалу трекерлері пысықталды.

Яндекс.Метрика