Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жеңіс күні жадымызда!…

Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстағы Ұлы Жеңіске 75 жыл толып отыр. Осыған орай Қазақ ұлттық хореография Академиясының студенттері онлайн іс-шаралардан құрылған мерекелік бағдарлама ұсынды.
Студенттер бейбіт өмір сыйлаған батыр бабаларымыздың рухына, соғыс және тыл ардагерлерінің ерлігіне тағзым етіп, өздерінің шынайы алғыстарын баршаға белгілі поэзиялық туындылар арқылы жеткізді. Онлайн форматта «Катюша», «Әлия», «Кукушка» және т.б әндер шырқалды. Арт-менеджмент мамандығының 4 курс студенты Капарова Назерке Лев Лещенконың репертурындағы «День Победы» әнін қазақша нұсқада шырқады.
Өз құттықтаулары мен ыстық сәлемдерін әнмен білдірген студенттер бұл күннің тарихи маңыздылығы жоғары екенін көрсетті.

Яндекс.Метрика