Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жас хореографтар байқауының қорытындысын шығару

2020 жылдың 13 наурызы Хореография факультетінің режиссура кафедрасы Жас хореографтар байқауын өткізді, оған Казань мәдениет институтының (Татарстан Республикасы) Қазіргі заманғы және спорттық-бал би кафедрасының 3 курс студенттері қатысты. Барлық қатысушылар академиялық ұтқырлық аясында Қазақ ұлттық хореография академиясында Арт-менеджмент кафедрасында білім алды.

Хореография академиясының 2016 жылдың тамыз айында ашылған күнінен бастап, бұл жас хореографтардың үшінші байқауы, оның бастамашысы «Балетмейстер өнері» кафедрасының 2 курс магистранты Анель Мурзагулова болды.

«Балетмейстер өнері» кафедрасының магистранты Амина Самарбаева жас хореографтардың І байқауының жеңімпазы атанды, оның концерттік нөмірі 2018 ж. кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің бітіру концертінің бағдарламасына енгізілген.

II байқаудың жеңімпазы болып режиссура кафедрасының 4 курс студенті Арайлым Сайлауова (жетекшісі аға оқытушы Ж.У.Кайыр) атанды, ол Ростислав Захаров атындағы РАТИ ГИТИС-те «Мария» байқауында ІІІ орынды және Мәскеу қ. (Ресей) «Балет» журналының арнайы жүлдесін иеленді.

Жас хореографтардың ІІІ байқауының қазылар алқасын Қазақ ұлттық хореография академиясының көркемдік жетекшісі Әсел Тлектесқызы Құрманбаева басқарды. Байқаудың қазылар алқасының құрамына: шақырылған «Астана Балет» театрының балетмейстері Рикардо Амаранте (Бразилия), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Балет» театрының балетмейстері Айгүл Әбікенқызы Тати және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының балетмейстері Рүстем Серікбайұлы Сейтбеков енді. Қазылар алқасына осындай кәсіпқойлардың қатысуы, әрине, байқау мәртебесін айтарлықтай арттырды.

Байқаудың негізгі міндеттері: жас хореографтарды қолдау және ынталандыру, қоюшылардың кәсіби-тұлғалық әлеуетін ашу, олардың өзіндік санасын ашу, шығармашылық және оқу-тәжірибелік қызметін ынталандыру, бидің жаңа түрлерін іздеу, заманауи би бағыттарын дамыту, хореографияның әр түрлі стильдері мен жанрларында қойылым жұмыстарын дамыту, талантты және дарынды жас қоюшы режиссерлерді анықтау.

Конкурстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы байқауға қатысушыларды марапаттау туралы шешім шығарды:

  • 3 орын – Воинкова Анастасия (1 курс, режиссура кафедрасы);
  • 2 орын – Камбламбек Аружан (3 курс, режиссура кафедрасы);
  • 2 орын – Романова Елизаветта (3 курс, Казань мәдениет институтының (Татарстан Республикасы) Қазіргі заманғы және спорттық-бал би кафедрасы);
  • 1 орын – Кожабеков Бостан (4 курс, режиссура кафедрасы);
  • 1 орын – Акбузова Адель (4 курс, режиссура кафедрасы);
  • Гран-ПРИ – Кулмахамбет Альмира (4 курс, хореография педагогикасы кафедрасы).
Яндекс.Метрика