Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Жанжал және оны шешу жолдары» тренингі

2020 жылғы 22 және 28 сәуірде Академияның тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің психолог-оқытушысы Ибрагим Марал Болатханқызы «Жанжал және оны шешу жолдары» тақырыбында Кәсіптік білім беру колледжі және ЖОО студенттерімен онлайн режимде тренингтер топтамасын өткізді. Тренингтердің мақсаты жанжалдардың сипатын, олардың туындау себептері мен шешу жолдарын талдау болды. Тренингтердің міндеттері: өзін және басқа адамды түсіну, қарым-қатынас тиімділігін арттыратын дағдыларды дамыту, әр түрлі өмірлік жағдайдағы эмоционалдық тепе-теңдікті сақтауға үйрену, жанжал жағдайындағы реакцияның әр түрлі стилімен танысу болды.

Әйгілі конфликтология зерттеушісі Чарльз Ликсонның: «Сіздің өміріңізде ешқандай жанжалдар жоқ сияқты көрінген кезде, сізде пульс бар-жоқтығын тексеріңіз», – деген сөздері бар. Жанжалдар құбылысының қайшылықтарды шешудің экстремалды түрі ретінде бұдан артық сипаты болмас. Жанжалдарды болдырмауға бола ма? Мамандар сізге: «жоқ» – деп жауап береді. Бірақ оларды белгілі бір шекарада басқаруға болады. Ол үшін жанжал жағдайындағы негізгі ережелер мен мінез-құлық этикасын білу пайдалы болады. Бұл тренинг студенттерді жанжалдарды шешудің ережелерімен таныстыруға арналды.

Тренинг барысында студенттер жанжалдың конструктивті және деструктивті жақтары туралы, «конфликоген» деген не, конфликтогендік сөздер, жанжалдың адам ағзасына қандай әсер ететіні туралы білді. Студенттерге жанжалдар кезінде өзін қалай ұстау керектігі, жанжалды қалай бейтараптандыру және жанжалдың дұшпандыққа айналуын болдырмау үшін не істеуге болатындығы туралы нақты әрекеттер алгоритмдері берілді.

Яндекс.Метрика