Қабылдау комиссияларының байланыстары

Заурбек Райбаевтың шығармашылығына арналған онлайн-лекция

Құрметті достар, студенттер, Құрметті әріптестер!

Сіздерді Қазақ КСР Халық әртісі, «Құрмет» орденінің кавалері, профессор Заурбек Райбаевтың (1932-2011) шығармашылығына арналған онлайн-дәріске шақырамыз. Біз қазақ балетін дамытудың әрі қарай жолдарын айқындаған Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында қойылған көрнекті балетмейстер қойылымындағы балет спектакльдері туралы әңгімелесетін боламыз. 

Дәрісті Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы хореография факультетінің аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының кандидаты – Дамир Оразымбетов; Қазақ ұлттық хореография академиясы хореография факультетінің аға оқытушысы, өнер магистрі – Анвара Садықова жүргізеді.

Дәріс ZOOM платформасында өтеді

Конференцияның идентификаторы: 767 163 739

 

Яндекс.Метрика