Қабылдау комиссияларының байланыстары

Президент жолдауын қолдауға арналған жастар форумы

Бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясында Президент жолдауын қолдауға арналған жастар форумы өтті. 

Ағымдағы жылдың 9 маусымында Қазақстан халқы өзінің жаңа Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты сайлады. 2 қыркүйекте Президент «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда Президент «Жастар – бұл еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы» деп атап өтті. Қазақстанның болашағы олардың білімі, күш-қуаты мен патриотығына байланысты. Сондықтан форумның негізгі мақсаты жастардың ел Президентінің жолдауына, болашақта алда қойған жоспарлар мен мақсаттарға қатысты өз пікірін білдіру болды.

Форумға Академия студенттері, оқытушылары, сондай-ақ қоғамдық қайраткерлер қатысты. 

Қазақ ұлттық хореография академиясының 2 курс студенті, спорттық-бал биі бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропалық би бағдарламасы бойынша Еуразия Чемпионы, Ресей ашық чемпионантының қола жүлдегері, сондай-ақ «Елорда жастар сыйлығы – 2019» конкурсына қатысушы Мусаифов Мадияр сөз сөйлеп, өзінің барлық жетістіктері мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесі болып табылады деп атап көрсетті. Қандай елде өнер көрсетсе де, Мадияр бәріне өзінің қазақстандық екенін мақтанышпен айтып отырады. Және Академияның студент жастары Мемлекет басшысы еңбегінің идеясын іске асыра отырып, барлық маңызды проблемаларды шешіп, әлемдік аренада табысқа жете алады.

Атап айтсақ, жыл сайын Академия студенттері мен оқушылары республикалық және халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алады. 2018-2019 оқу жылы «Өнер» және «Хореография» факультетінің студенттері халықаралық интернационалдандыру бағдарламасы аясында Латвия мен Ресейде білім алды. Осы форумда Академияның ЖОО-әріптесі Казань мемлекеттік мәдениет университетінің академиялық алмасу бағдарламасы бойынша келген студенттері қатысты. Олар форумға қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, Қазақстан халқын қонақжайлығына және алып жатқан жаңа білімдері үшін алғыс білдірді. 

Президент жолдауы, бірінші кезекте жастарға және әлеуметтік салаға бағытталған. Форумға қатысушы Академия қабырғасына алғаш келген Бимендина Асима Темкеқызы және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, “Жаңғыру жолы” республикалық жастар қозғалысының мүшесі Максим Споткай «Жолдауда Мемлекет басшысы білім және ғылым проблемалары, жаңа формацияда кадрларды даярлау мәселелері жөнінде сөз қозғады және ол кадрлар бүгінгі жастар» деп атап көрсетті. Қонақтар оқу орнынан алған әсерлерімен бөлісіп, жаңа ұрпаққа үлкен биіктерден көріне беруге тілектестік білдірді.

Яндекс.Метрика