Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ғылыми-зерттеу жұмысында плагиаттың алдын алуына арналған онлайн-кеңес

2020 жылдың 5 мамырында Студенттік ғылыми қоғам аясында Ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және редакциялық-баспа қызметі бөлімінің редакторы С.К. Жүнісов “Ғылыми-зерттеу жұмысында плагиаттың алдын алу. «StrikePlagiarism.com” плагиатқа қарсы жүйе» атты онлайн-кеңес өткізді. Онлайн-кеңес шеңберінде «StrikePlagiarism.com» плагиатқа қарсы жүйенің жұмыс принципін түсіндіретін мәселелер қаралды, білікті/ғылыми жұмыстарды тексеру бойынша есепті (ұқсастық есебін) түсіндіру бойынша түсініктемелер берілді.

Онлайн-кеңес барысында Академияның білім алушыларына дереккөздерді дұрыс рәсімдеу әдістері мен тәсілдері, дәйексөзді пайдаланудың дұрыстығы, білікті/ғылыми жұмыстарды тексеруге ұсыну ережелері, білікті/ғылыми жұмыстарды және т.б. қорғауға беру талаптары туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік алды.

Бұл онлайн-кеңес дипломдық жұмыстар мен жобалардың, магистрлік диссертациялардың сапасын жақсартуға көмектеседі деп үміттенеміз.

Яндекс.Метрика