Қабылдау комиссияларының байланыстары

Work in progress – Халықаралық сұхбат алаңы

2020 жылғы 26 қыркүйекте «Work in progress» тақырыбында «Халықаралық сұхбат алаңы» онлайн-жобасының төртінші шығарылымы өтеді. Жобаның авторы – педагогика кафедрасының аға оқытушысы, ҚР СБФА төрешісі Евгений Сергеевич Моисеев.

Қуат Миркхамит – 10 би бойынша «Ересектер» арасында Қазақстан чемпионы, «Ересектер» арасында Латынамерикандық бағдарлама бойынша Күміс жүлдегер. Viva fitness & ballroom оқытушысы, АҚШ.

 «Халықаралық сұхбат алаңы» онлайн-жобасы шығармашылық жоғары оқу орындарының «Спорттық бал биінің педагогикасы» мамандануы бойынша білім алушыларға, сондай-ақ дәріс беретін оқытушыларға арналған.

 «Халықаралық сұхбат алаңы» онлайн-жобасын одан әрі жалғастыру жоспарланып отыр, себебі алған ақпарат, білім және әріптестердің тәжірибесі еліміздегі спорттық бал билері бойынша болашақ ұстаздардың келешекте табысты болуына септігін тигізетіні сөзсіз!

Барлық қатысушыларға зор денсаулық және сүйікті ісін танып білуде үлкен шабыт тілейміз!

Яндекс.Метрика