Қабылдау комиссияларының байланыстары

Web of Science ақпараттық платформасымен негізгі жұмыс істеу дағдылары

Ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және редакциялық-баспа қызметі бөлімі «Web of Science ақпараттық платформасымен негізгі жұмыс істеу дағдылары: ғылыми ақпарат іздеу және жарияланым үшін журнал іріктеу» тақырыбына семинар ұйымдастырды. Семинар лекторы ретінде Clarivate Analytics халықаралық компаниясының (АҚШ) ақпараттық ресурстар және ғылыми өлшем жөніндегі сарапшысы Инеш Кенжина шақырылды. 

 Семинардың мақсаты – Академия қызметкерлері мен оқушыларының ғылымның дамуын айқындайтын және беделді болып табылатын әлемдік зерттеулерді анықтау кезіндегі жұмыс тиімділігін арттыру. 

Семинар барысында лектор дәйексөз алу талдамасын дұрыс жүргізу мүмкіндігін көрсетті, оның көмегімен қызықтыратын саладағы ең маңызды зерттеулерді, жұмыстарды жариялау үшін келешегі бар және рейтингке ие журналдарды, сондай-ақ авторлар мен сарапшыларды, ғылыми қызметтегі әлеуетті әріптестерді табуға болады. 

Семинар қорытындысы бойынша Академия басшылығы Clarivate Analytics компаниясының өкілін Web of Science платформасымен жұмысты жақсарту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Осы бірлескен жұмыс аясында болашақта қосымша практикалық семинарлар өткізілетін болады. 

Яндекс.Метрика