Қабылдау комиссияларының байланыстары

We love English and French

«Шетел тілі» пәнін оқыту аясында Қазақ ұлттық хореография академиясында кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің ағылшын және француз тілдері мұғалімдері З.К. Ильясова, А.К. Кыпшакбаева және С.К. Коржунова «We love English and French» кластан тыс іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара білім алушылардың шетел тілдерін оқудағы шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын дамыту және жандандыру үшін жағдайлар жасауға және оларды осы бағыттағы шығармашылық қызметке тартуға бағытталған. 

Ағылшын және француз тілдері мерекесінде білім алушылар қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне өшпес шығармашылық мұра қалдырған ұлы ақын, ойшыл, ағартушы, композитор, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына ерекше көңіл бөлді. Балалар Абайдың өлеңдерін өздері оқитын шетел тілдерінде тамаша оқып, ақынның шығармашылық мұрасының терең мағынасын көрсете білді.   

Яндекс.Метрика