Қабылдау комиссияларының байланыстары

Біз – бір отбасымыз!

Ұжымшылдық, өзара сыйластық, сондай-ақ Академия интернатында тұратын тәрбиеленушілердің ұйымшылдық сезімін қалыптастыру мақсатында тәрбие және әлеуметтік мәселелер бөлімі «Біз – бір отбасымыз!» тақырыбында әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізді. Тренинг Академия тәрбиеленушерінің бірлесіп әрекет ете білуін, ағымдағы мәселелерді бірге шешу іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған, сонымен қатар тренинг формалдық емес байланыстар мен тұлғалар арасындағы сыйластық сезімдерінің қалыптасуына септігін тигізді.   

Тренингке қатысушылар бірлік және өзара түсіністік туралы әңгімелерді тыңдады. Академия тәрбиеленушілері талқылауға ұсынылған тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Балалардың назарына қысқа метражды бейнеролик ұсынылды, фильмнің кейіпкерлері өз өмірін бірлік, ұйымшылдық және өзара көмектің арқасында құтқарып қалған.

Балалар ұйымшылдық пен өзара түсіністікті қалыптастыруға арналған әртүрлі психологиялық ойындарға белсене қатысты. 

Тренингтер Академияның интернатта тұратын барлық тәрбиеленушілері үшін әртүрлі уақытта ұйымдастырылып, көңілді музыкалық флешмобтармен аяқталды. 

Яндекс.Метрика