Қабылдау комиссияларының байланыстары

Волонтерлердің “BIRGEMIZ” республикалық фронт-кеңсесінің ашылуы

2020 жылғы 12 ақпанда Волонтер жылы аясында «ЭКСПО-2017» аумағындағы “Art Hub” павильонында Волонтерлердің “BIRGEMIZ” республикалық фронт-кеңсесінің арнайы ашылуы өтті. Қазақстандағы ББҰ Еріктілері бағдарламасының үйлестірушісі Римма Сабаева Республикалық фронт-кеңсенің ашылуы әрбір қазақстандық үшін маңызды екендігін атап өтті,  себебі бәріміздің көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге мүмкіндігіміз бар, осылайша біз өзімізді дамытамыз және белсенді азаматтық ұстанымымыз қалыптасады.

Іс-шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, Қазақстандағы волонтерлер қозғалысының Құрметті елшісі болуға келісімін берді. 

Фронт-кеңсенің ашылу барысында Qazvolunteer.kz. онлайн  платформасының және жеті салалық бағыт бойынша волонтерлік алаңдардың жұмысы таныстырылды. Жаңа консультациялық орталықтың ашылу салтанатына елорданың жетекші жоғары оқу орындарының білім алушыларымен қатар Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері қатысып, волонтер ретінде Qazvolunteer.kz онлайн платформасына тіркелді. Олар: «Арт-менеджмент» мамандығының 1 және 2 курс бакалавриат студенттері Кенжетаева Дана, Әлемкүл Жібек, Есеев Нұржан, сондай-ақ «Спорттық бал биінің педагогикасы» мамандығының 1 курс бакалавриат студенті Әмре Нұрсәулет.

Яндекс.Метрика