Қабылдау комиссияларының байланыстары

Волонтер жылының ашылуына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған салтанатты жиын

2020 жылғы 31 қаңтарда Академияда Волонтер жылының ашылуына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.   Салтанатты жиын ағымдағы жылға жоспарланған волонтерлық акциялар, сондай-ақ екі ұлы ойшыл, философтың мерейтойына арналған іс-шаралар тізбегін ашты. 

Мерейтойлық жылы өтетін іс-шараның мақсаты – Абай мен әл-Фарабидің рухани мұрасын зерттеу, көпшілікке таныту және сақтау. 

Салтанатты жиынды құттықтау сөзбен Қазақ ұлттық хореография академиясының бірінші проректоры Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы ашты. Көрермендердің назарына ұлы ғалым, «екінші Аристотель» Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаянына қысқаша шолу және ұлы Абайдың өшпес өлең жолдары ұсынылды. Сахнада хореография факультетінің студенті Мизамова Айгерім және өнер факультетінің студенті Каппарова Назеркенің орындауында Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері шырқалды. 

Яндекс.Метрика