Қабылдау комиссияларының байланыстары

Волонтер жылы аясында Академиядағы алғашқы қайырымдылық акциясы

2020 жыл Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың бастамасымен Волонтер жылы болып жарияланды. Волонтерлік – бұл, бірінші кезекте, өз еліне, өз халқына мүлтіксіз адал қызмет ету, оның өмірін барынша жақсырақ етуге ұмтылу! 

Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілері мен ұжымы «Жақсылық жаса!» акциясымен Волонтер жылын  ашты. Олар 2020 жылғы 30 қаңтарда «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де кезекті қайырымдылық концертін қойып, онда тұрушыларға сыйлықтар табыс етті. Мұндай акциялар Академия ұжымы үшін игі дәстүрге айналған. Жыл сайын Академия тәрбиеленушілері өздерінің жаңа хореографиялық және вокалдық нөмірлерімен Орталықта тұратындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысады.  

Осы концерт бағдарламасына заманауи қазақстандық орындаушылардың репертуарларынан лирикалық композициялар, «Плыскач» украин биі, «Хуски» белорус биі, «Хорезм биі» сияқты  әлем халықтарының билері, сондай-ақ кеңес эстрадасының көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерінен попурри енді.     

Орталық тұрғындарының алдында құттықтау сөз сөйлеген тәрбие жұмысы жөніндегі директор  Алишева Алила Турсумбаевна зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, өзінің жылы лебізін білдірді.

Көрермендер де осындай тамаша өнер көрсеткен Академия тәрбиеленушілеріне ризашылықпен  қол соғып, оларға кәсіби және шығармашылық табыстар тіледі.   

Яндекс.Метрика