Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Jas Tolqyn» вокал конкурсы

Қазақ ұлттық хореография академиясында алғаш рет студенттер арасында «Jas Tolqyn» вокал конкурсы өтті.

Қатысушыларға өз таланттарын көрсету мүмкіндігі берілді.   

Конкурстың басты идеясы – вокал жанрындағы талантты орындаушылардың басын қосу, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беру, Академия оқушылары арасынан шыққан жаңа таланттарды қолдау және анықтау.     

Конкурсқа қатысушылар өздерінің өнерге деген сүйіспеншілігін вокалдық қабілеттерімен ғана емес, сондай-ақ кәсіби актерлік шеберліктерімен, музыкалық аспаптардағы шебер ойынымен, поэзиялық талантымен, ұйымдастырушылық қабілеттерімен, сонымен бірге тамаша хореография арқылы көрсетті. 

 Конкурстың жеңімпазы атану үшін Академияның колледж білім алушылары мен бакалавриат студенттері Азиза Жорабекова («Спорттық-бал билері» мамандығының 3 курс студенті, Жамиля Токанова («Арт менеджмент» мамандығының 4 курс студенті), Арман Серикбай («Режиссер-хореограф» мамандығының 1 курс студенті), Сания Тасхан («Педагог хореограф» мамандығының 3 курс студенті), Нуржан Есеев («Арт-менеджмент» мамандығының 4 курс студенті), Айгерим Мизамова («Педагог-хореограф» мамандығының 1 курс  студенті), Айнур Саменова («Арт-менеджмент» мамандығының 2 курс студенті), Аружан Кабламбек («Режиссер-хореограф» мамандығының 3 курс студенті), Назерке Каппар («Арт-менеджмент» мамандығының 4 курс  студенті) жарысқа түсті.   

Академияның бірінші проректоры Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы жетекшілік еткен әділ қазылар алқасының құрамында Академияның «Өнер» факультетінің оқытушысы, медиа-менеджер, продюсер – Шаримов Алпамыс Өскенбайұлы және конкурс қонағы, «Қазақстан дауысы − 2015» жобасының жеңімпазы Мұратбек Хайролда болды.

Барлық конкурсқа қатысушылар өздерінің жақсы дайындығын, жоғары шеберлік деңгейін, орындау мәдениеті мен тамаша вокалдық қабілеттерін көрсетті. Бірақ жеңімпаз біреу ғана болады. Көрермендер мен әділ қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру нәтижелері бойынша «Арт-менеджмент» мамандығының 4 курс студенті Назерке Каппар жеңіске жетті. Ол рояльде сүйемелдеумен өз репертуарынан «Біздің әуен» деген жаңа әнді орындады. 

Яндекс.Метрика