Қабылдау комиссияларының байланыстары

Видео бойынша алдын ала қарау шаралары Қазақ ұлттық хореография академиясында (бұдан әрі – Академия) «Хореография өнері» мамандығының «Балет әртісі» біліктілігі бойынша оқуды жалғастыруға ниет білдіретін  кәсіптік хореографиялық оқу орындарының оқушылары үшін өткізіледі.

Видео бойынша алдын ала қараудан өткен тұлғалар Академияға (Астана қ.) бюджеттік орындар болған жағдайда ауысу мүмкіндігін бағалау мақсатында іріктеу шарасына шақырылады.

Үміткерлер бейне материалдарды төмендегі нұсқауларға сәйкес түсіріп, оны admissions@balletacademy.kz электронды мекен-жайына жіберуі керек. Хатта білім алушының аты-жөнін, жасын, бойы мен салмағын, оқыту сыныбын, оқыту тілі, оқу орнын міндетті түрде көрсетіңіз. Жауап 2-3 апта ішінде жіберіледі.

Станоктағы экзерсис:

  1. Demi plies, grand plies;
  2. Battements tendus;
  3. Battements tendus jetes;
  4. Rond de jambe par terre;
  5. Battements fondus;
  6. Adagio;
  7. Grands battements jetes. 

Зал ортасындағы экзерсис:

  1. Temps lie на 90 (алға/артқа);
  2. Battemets tendus + pirouettes;
  3. Grands battements jetes;
  4. Үлкен қалыптағы Tours.

Секірулер (allegro):

  1. Pas eshappe;
  2. Pas assemble;
  3. Sissonne ouverte;
  4. Grand pas assemble;
  5. Grand pas jetes.

Саусақтардағы экзерсис (қыздар класы): 

  1. Pas echappe;
  2. Sissonne ouverte;
  3. Grand fouette (әртүрлі түрлері);
  4. Pirouettes en dehors et en dedans (диагональдар), tours.

 

Яндекс.Метрика