Қабылдау комиссияларының байланыстары

Uncover-2019

Академияда Өнер факультетінің ұйымдастыруымен «Uncover-2019» авторлық ашылулар кеші өтті. Жобаның басты мақсаты студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беру.

Академия қабырғасында “Uncover” шығармашылық кеші екінші рет өткізіліп отыр. Биылғы кештің ерекшелігі – кешке бір жұмбақ қонақ қатысып, көрермендердің қызығушылығын арттырды. Бүкіл кеш бойы Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері өз таланттарын көрсетті, көрермендермен өздерінің жақсы эмоцияларымен бөлісті. Қатысушылардың әрқайсысы бұл кеште жаңа рөлдерді ойнап көрді. «Арт-менеджмент» мамандығының 4 курс студенті Мирзаев Аскар паппинг стилінде заманауи би орындап, «Үздіктердің үздігі» номинациясында жеңімпаз атанды. «Көрермен көз айымы» номинациясын «Арт-менеджмент» мамандығының 1 курс студенттері Саду Бекарыс пен Сұлтанбай Арман жеңіп алды. «Үздік шоу» номинациясында хореография факультетінің студенттері Әйгерім Мизамова мен Арман Серікбай жеңіске жетті. 

Конкурстық бағдарламаға қатысқан орындаушылардың шеберлігін құрамына бірінші проректор Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы, тәрбие жұмысы жөніндегі директор Алишева Алила Турсумбаевна, ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі директор Толысбаева Жанна Жеңісқызы, педагогика кафедрасының аға оқытушысы Моисеев Евгений Сергеевич енген. әділ қазылар алқасы бағалады.  

 Осындай конкурстардың өткізілуі Академияда жақсы дәстүр болып қалатынына сенеміз. Мұндай конкурстар студенттердің әлеуетін ашады және Академия студенттерінің оқуда ғана емес, сондай-ақ шығармашылық жетістіктерінің айқын көрінісі. 

Яндекс.Метрика