Қабылдау комиссияларының байланыстары

“Train your brain” спорттық ойын-сауық

2020 жылғы 10 ақпанда спорт залында бірінші курс студенттерінің командалары арасында “Train your brain”  спорттық ойыны өтті. 

Іс-шара Акдемияның мультилингвистикалық ортасын дамыту жоспарының аясында әлеуметтік-гуманитарлық кафедраның және «Full House» ағылшын тілі клубының қолдауымен өтті. 

Сайыс бірнеше кезеңмен өткізілді: «Лексикалық орындықтар» (көпшілікке танымал «Музыкалық орындық» ойынына ұқсас), «Эстафета» (ағылшын тілінде жаттығулар орындауға спорттық жарыс) және «Спорттық квиз» (спорт тақырыбындағы әртүрлі сұрақтар).

Ойын аяқталғаннан кейін қатысушылар мен жанкүйерлер тіл дағдыларын дамыту мақсатында спорттық ойындар арқылы бірігіп, іс-шаралар өткізіп тұруға тілек білдірді. Бүкіл қатысушыларды ұжымдық командалық рух, жеңіске деген ұмтылыс біріктірді.     

Яндекс.Метрика