Қабылдау комиссияларының байланыстары

Бастауыш мектепте пәндік онкүндік басталды

Бүгін бастауыш кластарда ашық сабақтар апталығының салтанатты ашылуы өтті. 

Бастауыш кластар оқушыларының арасындағы пәндік онкүндік аясында бірқатар іс-шаралар өтеді. Олардың ішінде «Білім кілті – кітапта» викторинасы, «Епті және шебер» шығармашылық шеберханасы, бірінші класс оқушылары арасында білімпаздар сайысы, әдістемелік көрме және «Досың болса, бос уақытыңда болады» атты біріктірілген класс сағаты болады. 

 Онкүндік барысында Академия ұстаздары өздерінің кәсіпқойлығын, сабақта жаңа технологияларды пайдалана білу деңгейін, ал оқушылар өздерінің білімі мен іскерліктерін көрсете алады. 

 Іс-шараның басты мақсаты – инновациялық технологияларды енгізу арқылы әрбір білім алушының жеке қабілетіне қарай сапалы білім алуы үшін барынша жағдай жасау. 

Пәндік онкүндік соңында «Мен өз елімнің патриотымын» атты концерт ұйымдастырылып, мұнда ашық сабақтар апталығының барлық қатысушылары марапатталатын болады. 

Яндекс.Метрика