Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия студенттеріне “Enactus” халықаралық жобасы таныстырылды

Академияда бакалавриат студенттері үшін Enactus халықаралық әлеуметтік жобасының тұсаукесері өтті. Кездесу қонақтары “Enactus Kazakhstan” халықаралық жобасының бағдарламалық менеджері Меруерт Жүсіп пен PR-менеджер Орынхан Назерке Enactus мүмкіндіктері туралы және жобаның студенттердің қазіргі қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріне араласуына қалай ықпал ететінін айтты.

Сондай-ақ спикерлер өз сөзінде жобаның пайда болу тарихымен, оның даму кезеңдерімен, білім беру, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік ұйымдарымен орнатқан ынтымақтастығы мен ортақ жұмыстары жайлы бөлісті.  Enactus – өмірді қайта құру және тұрақты әлемді қалыптастыру үшін кәсіпкерлік күшін пайдаланатын бизнес көшбасшыларының, студенттік және академиялық көшбасшылардың қауымдастығы болып табылатын коммерциялық емес ұйым. Студенттік кәсіпкерлікті дамыту жастарды әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді тартуға мүмкіндік береді және шағын және орта бизнеске жол ашады. Бұл жобаға қатысу жастарға кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және табысты бизнес көшбасшы болуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні ENACTUS өкілдіктері 36 елде, оның ішінде Қазақстанда да жұмыс істейді. Жобаның қазақстандық құрамына 3000 белсенді студент, еліміздің 16 аймағындағы 50 жоғары оқу орындары кіреді. Жоба аясында қазақстандық кәсіпкерлердің 108 бизнес-жобасы жүзеге асырылып, 1 157 жұмыс орны ашылды. 2 жыл бойы Enactus жобасының қазақстандық командасы әлемдік кубоктарға қатысып келеді.

Баяндама барысында аудиторияның назарына жобаны Қазақстанда дамыту мен оның қамқорлығымен бизнес-идеяларды қалай іске асыруға болатыны туралы бейнеролик көрсетілді.

 

Яндекс.Метрика