Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Өмір күзіне» арналған мереке

Халықаралық қарттар күні мерекесі аясында Қазақ ұлттық хореография академиясы қайырымдылық концертімен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ барып өнер көрсетті.

Академия үшін мұндай концерттер жақсы дәстүрге айналған. Жыл сайын Академия тәрбиеленушілері Орталықта тұрушыларға өз өнерлерін көрсетіп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысады. 

Концерттік бағдарламада өнер факультетінің студенттерінің орындауында  әлемдік эстрада жұлдыздарының репертуарынан, сүйікті кинофильмдерден әндер шырқалды. Хореография факультетінің студенттері мен кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің оқушылары көрермендер назарына әсерлі латынамерикандық билер, қазақ халық биін, сондай-ақ әлем халықтарының билерін ұсынды.

 Қазақ ұлттық хореография академиясы оқытушылары мен басшылығы қарттарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп,  өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

 Көрермендер де осындай тамаша өнер көрсеткен қонақтарға ризашылықпен  қол соғып,  оларға кәсіби және шығармашылық табыстар тіледі.   

Яндекс.Метрика