Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тілдер мерекесі

2019 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақ ұлттық хореография академиясында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі өтті.

Бұл іс-шара Өнер факультеті Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастамасымен музыкалық-әдеби фестиваль нысанында өткізілді. Арт-менеджмент, Хореография режиссурасы, Спорттық-бал биінің педагогикасы мамандықтарының бірінші курс студенттері қазақ,  орыс,  ағылшын тілдерінде өз өнерлерін көрсетті.

Студенттер өздерінің ана тілі қазақ тілінде шығарған өлеңдерін оқыды, орыс және ағылшын тілдерінде ән айтты. Тілдер фестивалін жүргізушілер Сұлтанбай Арман мен Әлімқұл Жібек те өз өнерлерін ортаға салды. 

Тілдер мерекесіне Хореография академиясының әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, тіл мамандары мен өнертану пәндерінің оқытушылары қатысты.

Тіл білсең бүкіл әлемді бағындыруға болады! Мерекеге қатысушылар осыған куә болды!   

Яндекс.Метрика