Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия оқытушысы «100 жаңа есім» жобасында жеңіске жетті

Академияның хореография педагогикасы кафедрасының аға оқытушысы Анвара Садықова «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанды.

Кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жиында 2018 жылғы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары анықталды. Байқау финалистері бір жыл  бойы үш кезеңнен тұрған іріктеуден өтті. Нәтижесінде 2000 қатысушының ішінен 29 адам соңғы кезеңге жеткен. Жеңімпаздар педагогика, спорт, бизнес, мәдениет салаларында жетістікке жеткен, өзге жастарға үлгі бола алатын жас қазақстандықтар.  Кездесу барысында Мемлекет басшысы жобаның екінші кезеңіне өткен қатысушылармен танысып, әрқайсысының табандылығы мен мемлекет дамуына қосқан рөлін атап өтті.

Садықова Анвара Әріпқызы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, өнер магистрі, педагог, хореограф, қазақ хореографиясын зерттеуші және насихаттаушы.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы екінші жыл жүзеге асырылып келеді. Жоба қызметі мен өмір жолы үлгі бола алатын, кәсіби салада елеулі табыстарға жеткен қазақстандықтарды анықтауға бағытталған.

Яндекс.Метрика