Қабылдау комиссияларының байланыстары
Tempslie logo

Хореографиялық оқу орындарының Temps lié II Халықаралық фестивалі

«Temps lié» хореографиялық оқу орындарының II Халықаралық фестивалі (Фестиваль) 2021 жылдың 15-19 қараша аралығында онлайн форматта Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтті.

Фестивальді ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
  • Казақ ұлттық хореография академиясы.

Мақсаты:

Хореографиялық өнерді дамыту және танымал ету, хореографиялық білім беру саласындағы шығармашылық жетістіктермен халықаралық алмасу, Қазақ ұлттық хореография академиясының шығармашылық жетістіктерін отандық және әлемдік қоғамдастыққа насихаттау, Фестивальге қатысушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру, және дарынды жастарды қолдау.

Қатысушылар:

Фестивальге 10 хореографиялық мектеп қатысты, оның ішінде Баку хореография академиясы (Әзербайжан), Новосибирск мемлекеттік хореографиялық училищесі (Ресей), София балет академиясы (Жапония), Мәскеу мемлекеттік хореография академиясы (Ресей), Якутск балет мектебі (Якутия), Башқұрт хореографиялық колледжі (Башқұртстан), Беларусь мемлекеттік хореографиялық гимназия-колледжі (Беларусь), Ұлттық би академиясы (Италия), А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі және Қазақ ұлттық хореография академиясы (Қазақстан).

Жоғарыда аталған оқу орындарынан үш номинация бойынша 24 өтініш болды: классикалық би, халықтық сахналық би (фольклор, халықтық-стильдендірілген), заманауи би. Үздік қойылымдар 2021 жылдың 19 қарашасында өтетін қорытынды гала-концертке қатысу үшін таңдалды. 

Халықаралық көрермендер мен Фестивальға қатысушылардың назарларына ұсынылған  бағдарлама, Фестивальдің  қашықтық форматқа өтуіне қарамастан, әртүрлілігімен ерекшеленді.

2021 жылдың 15 қарашасында Фестивальдің ресми ашылуы Мариус Петипнаың «Раушан гүлі мен көбелектің романы» атты бірегей балеттің әлемдік премьерасымен ерекшеленді.

Балеттің премьерасы «Астана Балет» театрының сахнасында орын алды.

Бағдарламаны жүктеп алу

Яндекс.Метрика