Қабылдау комиссияларының байланыстары

Гүлфайруз Исмаилованың таланты

Қазақ ұлттық хореография академиясында еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, театр және кино суретшісі, мемлекеттік наградалар, ордендер мен медальдердің иегері Гүлфайруз Исмаилованың 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. 

Өнертану факультеті Өнертану және арт-менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел басында Гүлфайруз Исмаилованың өмір тарихы мен шығармашылық қызметі туралы тақырыпта сөз қозғалды. Студенттер еліміздің бейнелеу өнерінде ерекше орын алған Халық суретшісінің шығармашылығы жайлы айтып берді. Гүлфайруз Исмаилованың көркем сурет, театр, кинематограф және музыка сияқты өнер түрлеріне деген қызығушылығы оның ерекше талантын, өзіндік және сирек кездесетін дарынын көрсетеді. Дөңгелек үстел барысында студенттер оның көркемдік жұмыстарын және ол қатысқан фильмдерден үзінділер көрсетті.

Гүлфайруз Исмаилова туралы өз естеліктерімен Академия оқытушысы, театртанушы, балет өнері туралы телевизиялық бағдарламалардың авторы мен жүргізушісі Флюра Борисовна Мусина бөлісті. Гүлфайруз Исмаиловамен Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында бірлесіп жұмыс жасағанын есіне ала отырып, оның көп қырлы талантын ғана емес, сондай-ақ оның нәзік талғамын, түсті сезінуін, түс үйлесімін іздеудегі батыл эксперименттерін атап өтті. Бұл эксперименттер халық суретшісінің әшекейлер мен асыл тастарды салу кезінде тамаша көрсетілген. Осының бәрі оның көптеген натюрморттарына қайталанбас дарындылық әсерін береді.    

Мазмұнды өткен дөңгелек үстел Гүлфайруз Исмаилованың бай шығармашылық мұрасы кейінгі ұрпақ үшін руханият пен қажымас еңбектің үлгісі болып табылатынына тағы бір дәлел болды.   

Яндекс.Метрика