Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тұңғыш Президент күні

Тұңғыш Президент күніне орай Академияда салтанатты іс-шара өтті.

1 желтоқсан тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше күн. 1991 жылдың осы күні тұңғыш бүкіл халықтық президент сайлаулары өтті. Мереке Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикаға сіңірген еңбектерін атап өту және танып білу үшін жарияланған. 

Салтанатты кездесуге Академия студенттері мен оқытушылары және қоғам қайраткерлері қатысты. 

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының кеңесшісі, белгілі қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы жиналған қауымды Тұңғыш президент күнімен құттықтап сөз сөйледі. Бұл күн қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбектеріне құрмет көрсету күні екенін атап өтті. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасында Елбасы қазақ тілін жаңғыртуға ерекше мән бергенін атап көрсетті, тіл – кез келген тәуелсіз мемлекеттің негізі. 

«Еуропалық бір ғалым айтқандай, қазақ тілі бүкіл түркі тілдерінің ішіндегі гауһартасы. Міне, сондықтан осы тілді білетіндеріңізді мақтан тұтып, осы тілде шын көңілмен сөйлеуге шақырамын», – деді Оразкүл Асанғазы. 

Салтанатты концертке Академия тәрбиеленушілері қатысты. Барлық өнер көрсетушілер мен қатысушылар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі және оның қазіргі әлемдік процестегі беделін атап өтті.

Осы іс-шараның мақсаты – жастарды патриотизм рухында тәрбиелеу, қоғамдық-саяси қызметті, әлемдік ауқымдағы ірі саятсаткер Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерін насихаттау. 

Яндекс.Метрика