Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 2019 жылғы 13 желтоқсанда Академия қабырғасында қазақстандықтар үшін осы атаулы мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Академия тәрбиеленушілері, педагогтары мен қызметкерлері қатысты. 

Сахнада тәрбие жұмыс жөніндегі директор Алила Турсумбаевна Алишева құттықтау сөз сөйлеп, Академия ұжымы үшін бұл мереке ерекше болғанын атап өтті, себебі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен ғылым, мәдениет және білім саласын дамытуда сіңірген еңбегі мен қоғамдық белсенді қызметі үшін Қазақ ұлттық хореография академиясының Бірінші проректоры –  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы және өнер факультетінің аға оқытушысы Мусина Флюра Борисовна «Құрмет» орденімен марапатталды.   

 Іс-шара соңында Академия тәрбиеленушілері ұжым алдында ерекше есте қалалық концерттік нөмірлермен өнер көрсетті. 

Яндекс.Метрика