Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ғылыми жұмыстарды плагиатқа қарсы тексеру қағидалары және процесі туралы ақпарат

2019 жылғы 6 қыркүйекте Қазақ ұлттық хореография академиясында Студенттік ғылыми қоғамның дәстүрлі форматтағы кезекті кездесуі «Science cafe» өтті.

Кездесу аясында бітіруші курстардың білім алушыларына ғылыми жұмыстарды плагиатқа қарсы тексеру қағидалары және процесі туралы ақпарат ұсынылды (StrikePlagiarism.com жүйесі арқылы).

Ғылым,  жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және редакциялық-баспа қызметі бөлімінің қызметкері С.К. Жунусов бітіру жұмыстарының түпнұсқалық дәрежесі туралы айтып берді. Бұл дәреже екі ұқсастық коэффициентімен (ҰК) сипатталады. ҰК1  түпнұсқалығының шекті мәндері  – 50% және ҰК2 – 5 %. Бітіру жұмыстары деканаттар арқылы тексеруге беріледі.  Тексеруді әкімші жүргізеді, нәтижелері бітірушіні қорғауға жіберу туралы анықтамамен рәсімделеді. 

Яндекс.Метрика