Қабылдау комиссияларының байланыстары

«StrikePlagiarism.com плагиатқа қарсы жүйесінде жұмыстарды плагиатқа бағалау әдістемесі» тақырыбындағы онлайн-тренинг

Хореография академиясының студенттері мен магистранттарының IV ғылыми апталығы іс-шарасын 2020 жылдың 17 сәуірінде сағат 15:00-де ZOOM қосымшасында өткен «StrikePlagiarism.com плагиатқа қарсы жүйесінде жұмыстарды плагиатқа бағалау әдістемесі» тақырыбындағы онлайн-тренинг қорытындылады. 

Plagiat.pl компаниясының (Варшава, Польша) атқарушы директоры Али Тахмазов қашықтықтан оқыту мәдениетін, пайдаланушылар мен жұмыс авторларының нақты этикетін сақтауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды әсіресе COVID-19 вирустық инфекцияға байланысты Төтенше жағдай кезеңінде пайдалану мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу маңыздылығын атап өтті.   

Онлайн-тренинг аясында жұмыстарды плагиатқа бағалау әдістемесі бойынша мәселелер қарастырылды, сондай-ақ қатысушылар Plagiat.pl  компаниясының StrikePlagiarism.com плагиатқа қарсы жүйесінің техникалық мүмкіндіктерімен және тексеру есептері мен хаттамалары интерпретациясының ерекшеліктерімен егжей-тегжейлі танысты.

Тренинг барысында Академия ұстаздары өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. Ғылыми жетекшілер ғылыми қызметпен айналысатын студенттермен осы ақпаратпен бөлісетініне сенімдіміз. Бұл мәтіндерде шеттен қолданылған ақпаратты тексеру көрсеткіштерінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Академияның педагогикалық ұжымының атынан Академиямен жасалған қолданыстағы шартқа 50% бонустық тексерулер ұсынған және осы тренингті өткізуге бастама жасаған Plagiat.pl компаниясына алғыс білдіреміз. Академиялық адалдық деңгейін арттыру саласындағы  өзара ынтымақтастыққа сенім артамыз.

Яндекс.Метрика