Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда әлеуметтік жұмыс «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Бала құқықтары туралы конвенцияның, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ 2021 жылғы 1 қыркүйекте бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының білім алушыларына әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларының және басқа да нормативтік құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты – Академия тәрбиеленушілерінің құқықтарын қорғау, олар үшін қауіпсіз әлеуметтік орта құру және қажетті әлеуметтік қолдау көрсету.

Академиядағы әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттары:

  • Академия тәрбиеленушілеріне әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
  • білім алушылардың негізгі әлеуметтік қажеттіліктері мен проблемаларын зерделеу және білім алушылардың әлеуметтік қорғалмаған санаттарымен жұмыс істеу, оларды әлеуметтік жеңілдіктермен және төлемдермен қамтамасыз ету;
  • білім алушыларды әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша Академияның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
  • Академия тәрбиеленушілерін, әсіресе жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ мемлекеттік қолдауға мұқтаж әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларды дамыту үшін оңтайлы педагогикалық жағдайлар жасау;
  • білім алушыларды психологиялық қолдау (Арт-терапия кабинетінің жұмысы, жеке кеңес беру);
  • тегін алғашқы медициналық көмек көрсету;
  • еңбек нарығына бейімделу процесінде студенттерді қолдау;
  • студенттердің сабақтан тыс белсенділігін ынталандыру (шығармашылық үйірмелердің, спорт секцияларының, ағылшын тілін үйрену клубының жұмысы);
  • рухани даму мақсатында елорданың тарихи және мәдени көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастыру, музейлерге, көрмелерге, қаланың музыкалық және драмалық театрларының қойылымдарына бару.

Әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі комиссияның шешімі негізінде 2022-2023 оқу жылында Академия тәрбиеленушілері келесі көлемде әлеуметтік көмек алады.

 

2022-2023 оқу жылында Академия білім алушыларына әлеуметтік қолдау көрсету көлемі

 

Білім алушылар санаты Білім алушылар саны Әлеуметтік қолдаудың формасы Әлеуметтік қолдауды қаржыландыру көзі және мөлшері*
1. Интернатта тұрмайтын мектеп оқушылары
(1-4 сыныптар)
(қала) Тегін бір реттік тамақтану (түскі ас) Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру – 60%
(мектептегі түскі ас құнынан)
2. Қамқорлықтағы жетім балалар (4-9 сыныптар) (интернат ) Тегін 5 реттік тамақтану;
Киім, аяқ киім, нысанды киім-кешек, жұмсақ инвентарь
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру – 80% (тамақтанудың тәуліктік құнынан);
Академияның өз қаражаты есебінен қаржыландыру – 20% (тамақтанудың тәуліктік құнынан)
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру – 100%
(қала) Жеңілдікпен 5 рет тамақтану;
Киім, аяқ киім, нысанды киім-кешек, жұмсақ инвентарь
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру – 40% (тамақтанудың тәуліктік құнынан);
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру – 100%
3. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан білім алушы бозбалалар (колледж) Тегін 3 реттік тамақтану Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру – 30% (тамақтанудың тәуліктік құнынан)
Академияның өз қаражаты есебінен қаржыландыру – 70% (тамақтанудың тәуліктік құнынан)
4. Білім алушы бозбалалар 33 (колледж) Жеңілдікпен 3 рет тамақтану Академияның өз қаражаты есебінен қаржыландыру – 70% (тамақтанудың тәуліктік құнынан)
5. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан білім алушылар (колледж) Жеңілдікпен 3 рет тамақтану Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру – 30% (тамақтанудың тәуліктік құнынан)
 6. Жиыны 46 білім алушы

*Ескерту: Әлеуметтік көмек көрсету мөлшерінің есептері 12.03.2012 жылғы №320 ҚРҮҚ № 2, 5, 6, 7, 10, 15 қосымшаларының негізінде жүзеге асырылды. 

Яндекс.Метрика