Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Сиқырлық әуендері» қайырымдылық фестивалі

7 желтоқсанда «Қазақстан» Орталық концерт залында жыл сайынғы «Сиқырлық әуендері» қайырымдылық фестивалі өтті. Осы қайырымдылық жобасы Дариға Назарбаеваның бастамасы бойынша құрылған. Фестивальді «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымымен бірлесіп «Дегдар» гуманитарлық қоры ұйымдастырған. Фестиваль аясында ауылдық жерлерде орналасқан балалар үйлеріне жәрдем жинау жүргізіледі. Балаларды қолдау үшін іс-шарада оперетталар мен мюзиклдерден танымал ариялар орындалды. Дариға Нұрсұлтанқызы, «Астана Опера» театрының солистері мен Қазақ ұлттық хореография академиясының жас әртістерінің өнер көрсетуі осы кешке ерекше сән берді. 

Осы жылы ауылдық жерлердегі төрт балалар үйіне көмек көрсетілетін болады: Ақмола облысындағы балабақша-мектеп-интернат, Шығыс Қазақстан облысындағы №8 балалар үйі, Қарағанды облысындағы Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Литвинский мектеп-интернаты және Қостанай облысындағы Орталық нерв жүйесі органикалық зақымданған және психикасы бұзылған балаларға арналған Рудный мамандандырылған сәбилер үйі.

Яндекс.Метрика