Қабылдау комиссияларының байланыстары

Шәкен Айманов кинофестивалі

Алматы қаласында  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған 14 Халықаралық  “Шәкен Айманов кинофестивалі” өтті.  

Кинофестивальдің баспасөз конференциясында іріктеу комиссиясының төрағасы Олег Борецкий Фестивальдің халықаралық бағдарламасына қатысу үшін келіп түскен 53 картинаның 11 таңдап алынғанын мәлімдеді,  олардың ішінде Түркия,  Иран, Перу, ОАР, Куба, Еуропа елдерінен  және қазақстандық Эмира Байгазиннің “Өзен” картинасы бар. Фестивальдің конкурстық бағдарламасы Ш. Аймановтың атақты картиналарының атауы берілген үш бөлімнен тұрады: “Жол түйісі», “Ата-бабалар мекені” және “Біз осында тұрамыз”.

«Қазақ биі» картинасының режиссері Академияның аға оқытушысы Садыкова Анвара  және сценарий авторы кинодраматург және режиссер – Газиз Насыров,  картина «Ең үздік деректі фильм» ретінде «Құлагер» Ұлттық кинематографиялық сыйлығына ие болды. Фильмнің жұмысына ат салысқандар – Асет Ерназаров, оператор – Алексей Кирюхин, монтаж режиссері – Сергей Вильковиский, композитор – Асель Умарова, қазақ хореография өнерінің қайраткерлері Айгүл Тати, Тойған Ізім, Айгүл Құлбекова, Ғайникамал Бейсенов, Гүлжан Талпақова, сонымен қатар, Жанель Уланова және басқалар бар. 

Анвара Ариповнаны үлкен жетістігімен құттықтай отырып, одан әрі шығармашылық шабыт тілейміз!

Яндекс.Метрика