Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Science slam – үздік постерлік баяндама»

IV жоғары оқу орны ішіндегі ғылыми апталық аясында 2020 жылғы 13 сәуірде «6М040900 – Хореография», «6М040600 – Режиссура» мамандықтарының 2 курс магистранттары арасында «Science slam – үздік постерлік баяндама» конкурсы өтті. Биылғы жылы болып жатқан жағдайларға байланысты, конкурс Zoom қосымшасында онлайн режимде өткізілді. Қашықтықтан өткізілу форматына қарамастан, магистранттар тез бейімделіп, өз мүмкіндіктерін жоғары деңгейде көрсетті.

Конкурстың мақсаты: бітіруші курс магистранттарының ғылыми-зерттеу қызметінің инновациялық жетістіктерін көрсету. 

Конкурстың міндеттері:

1) магистранттардың инновациялық жетістіктерін ашу және іске асыру үшін ұйымдастыру жағдайларын жасау; 

2) ғылым мен білімнің интеграциясын дамыту; 

3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім алушыларын шығармашылық инновациялық қызметке ынталандыру; 

4) Академия магистранттарының үздік постерлік баяндамаларын айқындау. 

Магистранттардың конкурсқа ұсынған постерлік баяндамалары: 

  1. Ислямова Анель Маратовна, «Хореография» мамандығының магистранты. Баяндаманың тақырыбы: «Жеке тұлғаның коммуникативтік дағдыларды іске асырудағы байланыс импровизациясының әдісі». Ғылыми жетекші – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кульбекова Айгуль Кенесовна.
  2. Минаханов Раминь Валех оглы, «Хореография» мамандығының магистранты. Баяндаманың тақырыбы: «Спорттық бал хореографиясының мамандарын даярлау процесінде классикалық би тренажының әдістемелік негіздері мен тигізетін әсері». Ғылыми жетекші – өнертану кандидаты, профессор Саитова Гульнар Юсуповна.
  3. Усина Гаухар Ельдосовна, «Режиссура»мамандығының магистранты. Баяндаманың тақырыбы:«Режиссер-хореограф Е.А. Усинің қызметі және оның Қазақстанның хореография өнеріндегі жаңашыл идеялары». Ғылыми жетекші – өнертану кандидаты, профессор Саитова Гульнар Юсуповна;
  4. Федосова Ирина Андреевна, «Хореография» мамандығының магистранты. Баяндаманың тақырыбы: «Хореография өнері мен гимнастика спортының бірігуі жағдайында хореографтың кәсіби қызметін жобалау». Ғылыми жетекші – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кульбекова Айгуль Кенесовна.

Сараптау комиссиясының құрамына әділ қазылар алқасының төрағасы ретінде өнертану кандидаты, режиссура кафедрасының профессоры Т.О.Ізім, әділ қазылар алқасының мүшелері: педагогика ғылымдарының докторы, педагогика кафедрасының профессоры А.К.Кульбекова; өнертану кандидаты, режиссура кафедрасының профессоры Г.Ю.Саитова; өнер факультетінің деканы, философия докторы (PhD) Р.К.Досжан; өнертану және арт-менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Ф.Б.Мусина; өнертану және арт-менеджмент кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты Г.Т. Джумасеитова енді. Сараптау комиссиясы магистрант И. Федосованың жұмысындағы жаңалықты, бірегейлік пен өзектілік мәселелерін атап өтті. Магистрант Г.Е. Усинаның ғылыми жұмысының эмоциялық, логикалық және айқын мазмұны да назардан тыс қалмады. Әйтсе де, сараптау комиссиясының орындарды бөлу бойынша шешімі қабылданды.

«Science slam – үздік постерлік баяндама» конкурсының жеңімпаздары:

Бірінші дәрежелі диплом– И.А.Федосова, «Хореография» мамандығының 2 курс магистранты;

Екінші дәрежелі диплом – Г.Е.Усина, «Режиссура»мамандығының 2 курс магистранты;

Үшінші дәрежелі диплом – А.М. Ислямова, «Хореография» мамандығының 2 курс магистранты.

Сертификат  – Р.В. Минаханов, «Хореография» мамандығының 2 курс магистранты

Сараптау комиссиясы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өтетін жоғары оқу орындары арасындағы «Үздік постерлік баяндама-2020» конкурсына қатысуға И.А. Федосова мен Г.Е. Усинаны ұсынды. 

 

Конкурсқа қатысқан барлық магистранттар мен олардың ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз!

Әрдайым шығармашылық табыстарға жете беруге және магистрлік диссертацияны жетістікпен қорғауға тілектеспіз!

Яндекс.Метрика