Қабылдау комиссияларының байланыстары

Рухани жаңғыру кепілі – латын әліпбиіне көшу

2020 жылғы 14 ақпанда Өнер факультеті Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және «Мультилингвистикалық ортаны дамыту» жоспарларына сәйкес «Рухани жаңғыру кепілі – латын әліпбиіне көшу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік қызметкерлері, білім алушылары және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері Мөлдір Бақытқызы қатысты.

Дөңгелек үстел барысында рухани жаңғырудың, жаһандық қарқынды дамудың даңғыл жолына түсудің алғышарты саналатын – латын әліпбиіне көшу белесіндегі маңызды да көкейтесті мәселелер сөз болып, мемлекеттік тілдің өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін жасалған және жасалып жатқан іс-шаралар туралы ақпараттар берілді.

Дөңгелек үстел қонағы Мөлдір Бақытқызы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті тапсырмасымен  әзірленген Qazlatyn.kz, Sozdikqor.kz, Tilmedia, Qujat.kz, Atau.kz, Emle.kz, Termincom.kz, ILES, Zerek bala, Sózdi tap, Jasyryn sóz веб-сервистері және оларды ұтымды пайдалану жолдарымен таныстырды.

Яндекс.Метрика