Қабылдау комиссияларының байланыстары

Республикалық СҒЗЖ конкурсының II кезеңінің нәтижелері («Өнер» бағыты бойынша)

Т. Қ. Жүргенов Қазақ ұлттық өнер академиясында өткен 5В040900 «Хореография» мамандығы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсында екінші және үшінші орын алған «Хореография» мамандығының студенттері Раимбекова А. М., Разумова Е. А., Құлмахамбет А. Ә. және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кульбекова Айгүл Кеңесқызын құттықтаймыз!

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының ІІ кезеңінің конкурстық комиссиясының шешімімен келесі нәтижелер бекітілді (Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА Ғылыми кеңесі отырысының шешімі 31.03.2020 ж. №8 хаттама):

5В040900 «Хореография» мамандығы бойынша ҚР БҒМ II дәрежелі дипломымен марапатталды»:
Раимбекова А. М. – Қазақ ұлттық хореография академиясы. Ғылыми жұмыс тақырыбы: ««Содержательные критерии балетной гимнастики в предпрофессиональной хореографической подготовке».
Ғылыми жетекшісі: Кульбекова А. К.

Разумова Е. А. – Қазақ ұлттық хореография академиясы. Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Методические основы обучения и художественная характеристика испанских народных танцев: «Севильяна», «Фламенко»».
Ғылыми жетекшісі: Кульбекова А. К.

5В040900 “Хореография” мамандығы бойынша ҚР БҒМ III дәрежелі дипломымен марапатталды» :

Құлмахамбет. А. Ә. – Қазақ ұлттық хореография академиясы. Ғылыми жұмыс Тақырыбы: «Самореализация личности и развитие творческой индивидуальности у будущих артистов балета на уроках современной хореографии».
Ғылыми жетекшісі: Кульбекова А. К.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Кеңесқызы Құлбекова жас ұрпақты тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі, шығармашылық тәлімгерлігі мен патриотизмі үшін ерекше алғыс айтамыз!
Біздің әріптестеріміз бен студенттерге болашақта кәсіби табыс тілейміз!

Яндекс.Метрика