Қабылдау комиссияларының байланыстары

“Студенттер үйі 2.0” республикалық жобасы

Орталық коммуникациялар қызметінде “Жастардың өзін-өзі басқару органдары жүйесін дамыту” әлеуметтік жобасы аясында “Студенттер үйі 2.0” акциясының тұсаукесері өтті.

Іс-шараның спикерлері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Отбасы және жастар істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов, “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” басқармасының төрағасы Бәтима Мукина және Қазақстан студенттері альянсы ” президенті Ілияс Түстікбаев, “Ха-Ха” шоу өкілдері Ақсұлтан Қалиев пен Заңғар Зекенов болды.

Іс-шараға “Қазақ ұлттық хореография академиясы” КАҚ Жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшесі, өнер факультетінің 3 курс студенті Иманқұлова Жадыра қатысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев жариялаған “Жастар жылы” аясында “Қазақстан студенттерінің альянсы” республикалық студенттер қозғалысы «Студенттер үйі 2.0″ республикалық жобасын бастады.

“Қазақстан студенттерінің альянсы” жыл сайын “Студент қалай өмір сүресің?” акциясын өткізеді. “Студенттер үйі 2.0” жобасының басты мақсаты студенттердің потенциалын, интеллектін, тұлғалық өсуін дамыту үшін кең ауқымды мүмкіндіктер жасау, студенттік жатақханаларда тұратын студенттердің азаматтық белсенділігі мен жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 500 мыңнан астам студент білім алуда, студенттердің 40%-ы жатақханаға мұқтаж, олардың 5%-ы аса тапшылық көріп отыр.

Жобаның негізгі бағыттары:

– Студенттердің әлеуметтік және басқа да құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
– Студенттерді жатақханаға орналастыру туралы шешімді бақылау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу;
– Жатақханада тұратын студенттердің мүмкіндіктерін іске асыру;
– Жатақханаларда тұратын студенттердің оқу орны мен жатақхана қабырғасында өткізілетін мәдени-көпшілік және басқа да іс-шараларға қатысуына жәрдемдесу;
– Жастардың экологиялық сауаттылығы мен табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастыру;
– Жатақханалардағы аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.

Яндекс.Метрика