Қабылдау комиссияларының байланыстары

Есеп беру концерті

Академия базасында әртүрлі бағыттар бойынша балаларды оқытуды жүзеге асыратын қосымша білім беру бөлімі жұмыс істейді: «Шығармашылық шеберхана» білім бер бағдарламасы, «La petite fleur» балаларды эстетикалық дамыту студиясы, “Фортепиано” пәні бойынша оқу бағдарламасы, сонымен қатар тіл үйрену курстары.

Бірегей бағдарлама баланың жан-жақты дамуына септігін тигізіп қана қоймай, сондай-ақ оның шығармашылық жеке даралығын арттыруға әсерін тигізеді. Жыл сайын қаланың әр түкпірінен жүздеген балалар қосымша білім беру курстарына келеді, ал әр жартыжылдықтың соңында дәстүрлі түрде ата-аналарының алдында есеп беру концерттерінде өнер көрсетеді.

Осылайша, 2018 жылдың 26 желтоқсанында Академияда қосымша білім беру бағдарламалары бойынша балалардың кезекті жартыжылдық есеп беру концерті өтті. Кішкентай сахнада алғаш қадам жасаған балалар фортепиано сыныбы және «Le petite fleur» балаларды эстетикалық дамыту студиясы бағыты бойынша өнер көрсетті.

Жас курсқа қатысушылар көрермендерді би және аспапта ойнау өнерлерімен қуантты. 60 астам оқушы 20 нөмірде өз шеберліктерін көрсетті.

Яндекс.Метрика