Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ректордың халық алдында есеп беру кездесуі

2019 жылғы 18 қыркүйекте Қазақ ұлттық хореография академиясында  Академияның 2018-2019 оқу жылындағы қызметінің қорытындылары бойынша ректор Алтынай Асылмұратованың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. 

Алтынай Әбдуахимқызы Асылмұратова жұмыс қорытындылары, Академияның әртүрлі даму аспектілері, жетістіктері және шығармашылық білім беру процесінде туындаған проблемалық мәселелер жөнінде баяндап берді, сонымен қатар еліміздің жетекші хореографиялық жоғары оқу орны алдында болашақта тұрған міндеттер туралы айтты. 

Үш жылдық жұмыс кезеңінде, Академия оқушылары елорданың ең үздік сахналарында ойдағыдай өнер көрсетіп жүр. Тек 2018-2019 оқу жылының ішінде ғана олар 30 спектакль мен 32 концертке қатысып, «Tanzolymp» Халықаралық би фестивалі (Берлин қ., Германия), Халықаралық хореография конкурсы (Сполето қ., Италия), «Рига көктемі – 2019» XV халықаралық хореография конкурсы (Рига қ., Латвия), Латынамерикандық билер бойынша ADSF Чемпионаты (Гонконг, Қытай), Baltic Grand Prix-2018” халықаралық турнирі (Рига қ., Латвия), Р.В. Захаров атындағы  «Мария» халықаралық жас хореографтар конкурсы (Мәскеу, РФ), халықаралық би өнері конкурсы  (Юзян қ., Қытай) сияқты және басқа байқауларда 16 жоғары жүлдеге ие болды.      

Есепті жылдағы маңызды оқиғаның бірі Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен Шара Жиенқұлова атындағы V Республикалық конкурс  болды (наурыз, 2019 ж.). Бұл ұлттық би мерекесі республикадағы 11 ұжым мен 17 жеке орындаушылардың басын қосты.  Конкурсқа қатысушылардың жалпы саны 300 адамнан асты.  

 Өз баяндамасының соңында ректор Еуропалық Одақтың жобаларына қатысу жөніндегі Академияның тағы бір жетістігімен бөлісті. Академия алғаш рет Еуропалық Одақтың гранттар конкурсына қатысып, Эразмус+ қоры желісі бойынша Италия және Эстония елдерінің 2 грантына ие болды. Грант негізінде Академия студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы Рим қаласының (Италия) Ұлттық би академиясында және ТАРТУ (Эстония) Таллинн ұлттық университетінде оқытудан өтеді. Бағдарлама 3 жылға арналған. Жоба 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап іске асырылады. 

Осылайша, хореографиялық толық білім беретін Қазақстандағы бірінші жоғары оқу орны – Қазақ ұлттық хореография академиясы халықаралық білім беру кеңістігіне нық қадаммен еніп келе жатқанын біз мақтанышпен айта аламыз!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығы бойынша еліміздің ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары жыл сайын халық алдында есеп береді.

Яндекс.Метрика