Қабылдау комиссиясының телефондары: +7 (7172) 798-570 , +7 (7172) 798-542
Қабылдау комиссиясының электродық поштасы: admissions@balletacademy.kz , admissions-aat@balletacademy.kz
Altynay-Asylmuratova-399x600

Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Әлемдегі ең жас хореография академиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!

Біздің мақсатымыз – біліктілігі жоғары балет әртістерін дайындаумен қатар әлемдік сахнада Қазақстанды жоғары деңгейде көрсете алатын білімді, жоғары мәдени, рухани қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеу.

Біздің көздегеніміз – ең үздік классикалық дәстүрлермен ұлттық мәдениеттің бірегей қайталанбас элементтерін ұштастыра отырып мәдени бренд – отандық балет мектебін қалыптастыру.

Би өнерінің бөлшегімін деп сезінген барша қауымға біз ашықпыз! Біз талапкерлер мен ата-аналарға, студенттер мен магистранттарға және Академия өміріне қызығушылық танытқан баршаңызға қажетті ақпаратты ұсынамыз.

Біздің талпынысымыздың арқасында Сіз ұлы да ғажайып би өнеріне жақындай түсесіз деген сенімдемін!

   Асылмұратова Алтынай Абдуахимовна




САУАЛДАР

Дина - 01.08.2020

Сұрақ:

Астана қаласындағы балет академиясына оқуға қалай түсуге болады 13 жас.

Жауап:

Саламатсызба! Хореография Академиясына ауысу үшін көрсетілген жастағы бала хореографиялық училищесінде, ұлттық академияда, сертификатталған хореографиялық мектепте оқуы қажет. Хореографиялық училищесінде оқитындығын расстайтын құжатарды ұсынғаннан кейін, бала видео бойынша алдын ала қарауға қатыса алады. Егер бала видео бойынша алдын ала қараудан өтсе, онда хореография Академиясына басқа хореографиялық училищесінен ауысу мүмкіндігін қарастыруға болады.

Aibolkhan - 16.06.2020

Сұрақ:

Сәлеметсіз бе! Менің Қазақстандағы оқу заңнамасына, біздің елдің оқу академияларына көңіл толмаушылығым бар!
Себебі, жаңа 11-сынып бітіргелі отырған оқушы, балет академиясына оқуға түсуге 2 жылдан бері уақыт дайындалуда. Қазір ЕНТ болардың алдында, академия,  хореограф/педагог мамандығына, тек колледжден кейін қабылдайды,-депті.
Неге олай?  Неге жаңа мектеп бітірген оқушыны қабылдамайды?
Толық мәлімет алу үшін, жыл басынан сізге қанша рет хабарластық. Бірақ, жауап ала алмадық.
Қазақстанда неге өнер дамымайды, себебі дайындалып, құлшынып отырған түлектердің оқитын жері санаулы, тіпті жоқтың қасы. Оның өзі қабылдауы түсініксіз, әрі колледж тәмамдаған түлектерді алады-мыс.

Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Қазақ ұлттық хореография академиясы – ерекше мәртебесі бар, хореография өнері саласында көпдеңгейлі (дарынды балаларға арналған арнайы мамандандырылған мектеп, техникалық және кәсіптік білім, жоғары білім (бакалавриат), жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, докторантура) білім беретін оқу орны ретінде ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 43-1-бабы 4 тармағы 1 тармақшасына сәйкес «Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнын тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен болмайтындай етіп өзі дербес айқындауға құқылы».

Сіз хатыңызда көрсетіп отырған 6В02109 –  Хореография өнерінің педагогикасы білім беру бағдарламасының (траекториясы: Хореография педагогикасы) талаптарына сай аталған білім беру бағдарламасына  040800 – Хореография өнері мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар талапкерлер қабылданады.

Аксауле - 02.06.2020

Сұрақ:

Салеметсіздерме мектеп ұжымы.Қызым балет мектебіне барғысы келеді.Сіздердің мектептеріңіз жеке мектеп пен әлде мемлекеттік мектеп пе?  Оқу бағасы қанша болады?

Жауап:

Қайырлы күн! КАҚ «Қазақ ұлттық хореография Академиясы» көп деңгейлі кәсіби хореографиялық білім берудің толық циклін: бастауыш, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жүзеге асыратын оқу орны болып табылады.

Сіз қандай білім деңгейіне түсуді жоспарлағаныңызды нақтылап жазып жіберсеңіз.

Егер сұрақтарыңыз қалса, байланыс телефоны: 8 (7172) 79-85-42.

Аяулым - 02.06.2020

Сұрақ:

Биге қабылдану. Нұрболқызы Аяулым 9 жаста

Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Егер бала Нұр-Сұлтан қаласында тұрса, ол хореография Академиясына өз жасына байланысты 1-4 сыныптарға бюджеттік орынға оқуға түсе алады. Ол үшін балаңыз фото бойынша қашықтықтан алдын ала қараудан өту қажет. Фото бойынша қашықтықтан алдын ала қараудың шарттарын келесі сілтеме бойынша көре аласыз: https://balletacademy.kz/foto-boynsha-aldyn-ala-karay/

Егер бала фото бойынша қашықтан алдын ала қараудан өтсе, қабылдау емтихандарын тапсырса, онда ол бюджеттік орынға түседі де, хореография Академиясында тегін білім алады.

1, 2, 3 сыныптарға ҚР басқа өңірлерінде тұратын балаларды қабылдау өткізілмейді.

Егер сұрақтарыңыз қалса, байланыс телефоны: 8 (7172) 79-85-42.

Асель - 21.04.2020

Сұрақ:

Сәлеметсіз бе! Фото бойынша алдын-ала қарау талаптары қандай? бала неше жаста болуы керек?

Жауап:

Сәлеметсіз бе!

2020 жылғы 13 сәуірден бастап 30 маусым аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында балаларды фото бойынша қашықтықтан алдын ала қарау шарасы өткізіледі.

Бұл кезеңде баланың дене құрылымының өзара сәйкестігі (пропорция) мен оның дене бітімі фотосуреттер бойынша алдын ала бағаланады.

Фото бойынша қашықтықтан алдын ала қараудың шарттары келесі сілтемеде көрсетілген: https://balletacademy.kz/ru/fotoprosmotr/.

Фото бойынша алдын ала тексеруден (қараудан) өткен балалар 1-4 кластарға (Нұр-Сұлтан қаласында тұратын балалар үшін) және 4 класқа (ҚР басқа өңірлерінде тұратын балалар үшін) оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін Қазақ ұлттық хореография академиясына (Нұр-Сұлтан қ.) шақырылатын болады.

Яғни, жоғарыда көрсетілген шарттарға байланысты баланың жасы түсетін сыныпқа сәйкес болады.

Егер сұрақтарыңыз болса, байланыс телефоны: 8 (7172) 79-85-42.

Мухтарханова Айнагуль - 06.12.2019

Сұрақ:

Құрметті коллегалар! Сіздердің орталықтарыңызда ұйымдастырылатын жобалар, конкурстар жайлы ақпараттарды дер кезінде алып тұруға болар ма екен. Өзім ЕҰУ-нің филология факультетінде, шетел тілдері кафедрасының оқытушысымын.

Жауап:

Құрметті   Мухтарханова  Айнагуль !

Біздің ғылыми-зерттеу жұмысымызға қызығушылық танытқаныңызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Қызығушылық танытқан тұлғалар үшін ғылыми қызмет бойынша ақпарат Академия сайтында ашық түрде орналастырылған. Академияның интернет-сайты базасында http://balletacademy.kz студенттер, магистранттар, жас оқытушылар мен а кадемияның  зерттеушілерін  Қазақстандағы және жалпы  әлемдегі  ғылыми оқиғалар,  өткізілетін  халықаралық конференциялар, сайыстар мен жобалар  т. б. ақпарат туралы дер кезінде хабардар ету үшін ҒЗЖ жұмысына арналған ақпараттық портал ұйымдастырылған. Академияның өзінің шығаратын «Arts Academy» журналы жұмыс істеуде. Осы журналға өзіңіздің  мақалаларыңызды да  беруіңізге  болады.  Мақаланың талаптары http://artsacademy.kz/page.php?code=publishing_rules сайтында  берілген.  Академияда барлық жоспарланған және ұйымдастырылатын жобалар,  конкурстар жайлы  ақпараттарды сонымен қоса,  әлеуметтік  желілерден: Facebook, VK, Twitter, Youtube, Instagramme, Telegram  жүйелеріне қосылып, танысуға  болады.

Бакыт - 09.03.2019

Сұрақ:

Сәлеметсіз бе, 11 жыл педагогикалық еңбек өтілі, соның ішінде 7 жыл Назарбаев Зияткерлік мектебінде химия пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқарып келемін. Бүгінгі күні бос орын болса, Қазақ Ұлттық хореография академиясында жұмыс істегім келеді.

Жауап:

Сәлеметсіз бе, Бахыт!

Қазақ ұлттық хореография академиясына қызығушылық танытып, уақыт бөлгеніңіз үшін алғыс білдіреміз. 

Педагог лауазымдарының бос орындарына қызметкерлер қабылдау жазғы кезеңде жүргізіледі (жаңа оқу жылына дайындық аясында). Қазіргі кезде Академияның жалпы білім беретін пәндер бойынша оқытушылар штаты толық жинақталған.

Академия әрқашан жоғары кәсіби педагогтарды тартуға ұмтылады. Осыған байланысты, түйіндемеңізді HR@balletacademy.kz электронды мекенжайына жіберуіңізді сұраймыз.

Сіздің түйіндемеңіз Академияның деректер базасында сақталады, қажеттілік туындаған жағдайда, Сіздің кандидатураңыз қарастырылатын болады.

Серікбол - 10.04.2019

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Менің қызым 3 қазақ сыныбында оқиды.  Степногорск қаласынанбыз. Өткен аптада мектепте атаулы оқу орнына іріктеу жүргізіліп, менің балам ғана талаптардан  өткен. Егер балам түсіп кетсе, жатақхана беріле ме? (Баламның аты – Жанаева Мадина)

Жауап: Сәлеметсіз бе! Баланыз барлық 3 турдан өтіп Академияға оқуға қабылданған жағдайда міндетті түрде интернаттан орын беріледі. Толық ақпаратты 798-542 немесе 798-589 телефон арқылы алуыңызға болады.

123 - 09.04.2019

Сұрақ: Salamatsyzba suragim bar edi. 2018 kolledzh bitirdim. Mamandygym sizderge saikes emes. Birak baska mamandykpen okygym keledi. Tusuge mumkindik barma. Okigim keledi.

Жауап: Салеметсіз бе, Колледжден кейін «Арт менеджмент» және «Хореография педагогикасы»  мамандықтарына құжат тапсыруыңызға болады. Оқу мерзімі 3 жыл. Толық ақпаратты  798-843, 790- 844 нөмірлері арқылы ала аласыз.

Яндекс.Метрика