Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Позитивті әлем. Бәрі күйрегенде өзіңізді қалай сақтай аласыз?» тренингі

2020 жылғы 12 мамырда Академияның тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің психолог-оқытушысы Ибрагим Марал Болатханқызы «Позитивті әлем. Бәрі күйрегенде өзіңізді қалай сақтай аласыз?» тақырыбында Кәсіптік білім беру колледжі студенттерімен онлайн режимде тренинг өткізді. Тренингтің мақсаттары позитивті ойлауды, белсенді өмір салтын қалыптастыру, болашаққа деген позитивті көзқарас қалыптастыру болды. Тренингтің міндеттеріне: Өзінің «Мен» дегеніне оң көзқарасты қалыптастыру, ішкі ресурстарды пайдалануды күшейту және позитивті ойлауға көшу тәсілдерін дамыту кірді.

«Әр күн жақсы болмауы мүмкін, бірақ әр күнде бір жақсы нәрсе бар» – Элис Морзе Эрл.

Позитивті ойлаудың мәні – өмірдің кез-келген сәтінде қуанышқа себеп табу және сәтсіздіктердің себептерін талдап және оны құнды тәжірибе ретінде орынды қабылдау қабілеті.

Позитивті ойлау адамды қоршаған барлық нәрселерден тиімділік іздеуге негізделген. Мұндай адамдар сәтсіз әрекеттен кейін тоқтамайды, өз мақсатына жетуге тырысады. Бұл позитивті ойлау қабілетін теріс ойлардан айыратын шешуші сәт.

Бұл тренинг студенттерді позитивті ойлаудың артықшылықтарымен таныстыруға арналды.

Тренинг барысында студенттер позитивті ойлаудың адам өміріне әсері туралы, адам күніне теріс ойларға қанша уақыт жұмсайтынын білді. Студенттерге позитивті ойлауға көшу тәсілдері ұсынылып, сонымен қатар өмірдің қиын сәттерінде сабырлылық және болашаққа деген оң көзқарасты сақтау үшін не істеу керектігі айтылды.

Тренинг өте мазмұнды өтті, студенттер үшін жаңа мәліметтерден құралды, тренинг соңында студенттер психологқа алғыстарын білдірді.

 

Яндекс.Метрика