Қабылдау комиссияларының байланыстары

Пандемия құрбандарын Ұлттық аза тұту күні

Мемлекет басшысы 13 шілде күнін пандемия құрбандарын Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
«Бұл бәрімізге ортақ трагедия… Қайда жүрсе де әрбір азамат пандемиядан көз жұмғандарға тағзым етеді деп ойлаймын»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы халықпен бірге қайғырады. Әлемді жайлаған індеттен көз жұмған отандастарымыздың туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтамыз.
Бұл ел тарихындағы қиын кезеңдердің бірі. Қашан да болмасын, қазақ халқы барлық қиындықты бірлікпен, ынтымақпен және өзара қолдау арқылы еңсерген. Бұл жолы да пандемияны бірге жеңетінімізге сенімдіміз.

Яндекс.Метрика