Қабылдау комиссиясының телефондары: +7 (7172) 798-570 , +7 (7172) 798-542
Қабылдау комиссиясының электродық поштасы: admissions@balletacademy.kz , admissions-aat@balletacademy.kz

ХАБАРЛАНДЫРУ

 «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ 2020-2021 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының келесі бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: 

Педагогика (хореография) кафедрасы:

  • кафедра меңгерушісі – 1
  • доцент – 1

Өнертану және арт-менеджмент кафедрасы:

  • доцент – 1

Кәсіптік білім беру мектеп-колледжі:

  • орыс тілінде оқытылатын бастауыш сыныптардың мұғалімі (негізгі жұмыскердің болмаған кезеңіне) – 1
  • қазақ тілінде оқытылатын бастауыш сыныптардың мұғалімі (негізгі жұмыскердің болмаған кезеңіне) – 2
  • орыс тілі және әдебиеті мұғалімі – 0,5
  • география мұғалімі (қоса атқару) – кемінде 0,25
  • кәсіптік пәндер оқытушысы (бейнелеу өнері тарихы, театр тарихы) – 0,5
  • кәсіптік пәндер оқытушысы (музыкалық сауат, музыкалық әдебиет, музыкалық және би музыкасының талдамасы) – 0,5
  • концертмейстер – 3.

Лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары: 

Кафедра меңгерушісі: жоғары,  (немесе  жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі,  ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты және ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 7 жыл үздіксіз жұмыс өтілі немесе кафедраның бейініне сәйкес келетін мамандық бойынша кемінде 15 жыл практикалық (шығармашылық) жұмыс өтілі бар.

Доцент: жоғары,  (немесе  жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі,  ғылыми дәрежесі және/немесе қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары және ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл үздіксіз жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде 3 жыл аға оқытушы лауазымындағы жұмыс өтілі бар.

Мұғалім:

  • жоғары білімі бар, біліктілік санаты жоқ, білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі жоқ;
  • жоғары білімі, екінші біліктілік санаты, білім беру ұйымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар;
  • жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, бірінші біліктілік санаты, білім беру ұйымдарында кемінде 4 жыл жұмыс өтілі немесе ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және/немесе мемлекеттік марапаты бар;
  • жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жоғары біліктілік санаты, білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және/немесе мемлекеттік марапаты бар.

Концертмейстер:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, музыкалық білімі немесе орта кәсіптік музыкалық білімі бар, музыкалық аспапта орындау техникасын кәсіби меңгерген, мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе магистр академиялық дәрежесі бар.

Педагогика (хореография) кафедрасы бойынша бос орындарға хореографиялық өнер саласында білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе құрметті атағы (ҚР мемлекеттік марапаттары) бар, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, алыс шетелдік университеттерде сабақ беру тәжірибесі бар, кредиттік оқыту жүйесі бойынша жұмыстың негіздерін білетін конкурсқа қатысушыларға артықшылық беріледі. 

   Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • конкурсқа қатысуға өтініш;
  • сауалнама (белгіленген үлгідегі);
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың, ғылыми атақ беру туралы құжаттың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін аталған құжаттардың түпнұсқалары; 
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  • ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының (бар болса) тізімі; 
  • уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жеке медициналық кітапша; 
  • сотталмағаны туралы  анықтама; 
  • профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның таныстырылымы немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысының жобасы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан аспайды);
  • конкурсқа қатысушының наркологиялық ұйымда есепте тұрмайтыны жөнінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтама; 
  • конкурсқа қатысушының психоневрологиялық ұйымда есепте тұрмайтыны жөнінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтама; 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 14.08.2020 ж. дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Ұлы Дала даңғ., 9, 475 каб.

Анықтама телефондары: 8-7172-79-85-57, 8-7172-79-08-47, +7705-456-75-51

e-mail: HR@balletacademy.kz  

 

Яндекс.Метрика