Қабылдау комиссияларының байланыстары

Онлайн-дәріс – «Мыңтай Тілеубаевтың балет спектакльдері»

Қымбатты достар, студенттер, құрметті әріптестер!

Сіздерді «Мыңтай Тілеубаевтың балет спектакльдері» тақырыбындағы онлайн-дәріске шақырамыз. 

Мыңтай Женелұлы Тлеубаев (1947-2009) — балет әртісі, балетмейстер, көпшілік іс-шаралардың режиссері, педагог, профессор, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР Еңбек сіңірген қайраткері. Ондаған жыл бойы белсенді шығармашылық қызметте заманының жаңашылы және хореографиялық өнерде көптеген жанрларды алғаш ашушы болды.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Қазақ ұлттық хореография академиясы өнер факультеттерінің онлайн-дәріс түріндегі бірлескен жобасы. 

Дәрістің спикерлері:
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы режиссура кафедрасының аға оқытушысы, өнертану кандидаты — Дамир Уразымбетов;
Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, өнер магистрі — Анвара Садыкова.

Яндекс.Метрика