Қабылдау комиссияларының байланыстары

OnerLab шығармашылық зертханасының тұсаукесері және «Уақыт таспасы: «орындаушылар мен образдар. Қазақстандық балет солистерінің портрет галереясы» таймлайны.

2019 жылдың 18 сәуірінде OnerLab шығармашылық шеберханасының жұмысы және «Уақыт таспасы: «орындаушылар мен образдар. Қазақстандық балет солистерінің портрет галереясы» тайм-лайны ұсынылды.

Студенттер қазақ биін дамыту және сақтау аспектісінде Тойған Ізімнің, «Астана Балет» театрының педагог-репетиторы Майра Қадырованың кәсіби образы мен шығармашылық қызметін, балет солисі Рустем Сейтбековтің шығармашылық портретін, балерина Татьяна Теннің өмірбаяндық портретін, Риза Канатқызының би образдарын, актриса С.Фортунаның шеберлік құпияларын, Бахтияр Адамжанның образға кіру шеберлігін ашуға ұмтылды. Заманауи балет театрының даму келешектерін, классикалық мұраны сақтау және әлемдік балеттің заманауи ағымдарын игеру проблемаларын айқындады. 

 «Тайм-лайн» студенттер мен «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының, «Астана Балет» театрының жетекші орындаушылары арасындағы сұхбат алаңы болды. Қазақ ұлттық хореография академиясының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосатын тәжірибе, білім, шеберліктер мен дағдылар алмасу және аудиторияның педагогтармен танысуымен мен жақындасуы «Уақыт таспасы» жаңа форматында мүмкін болды (англ. timeline).

Яндекс.Метрика