Қабылдау комиссияларының байланыстары

Джордж Баланчиннің стиліндегі ерекшеліктер

Астана Балет театрының жетекші солисі Татьяна Тенмен сұхбат

17 қазанда Астана Балет театрында Иоганн Себастьян Бахтың d-moll оркестрімен екі скрипкаға арналған концерт музыкасына Джордж Баланчиннің «Кончерто барокко» атты неоклассикалық балетінің премьерасы өтті. Балеттегі басты жетекші партиялардың бірін Татьяна Тен тамаша орындады. Ол, құдды, Баланчин хореографиясының мәнін көрсетіп тұрғандай болды. Баланчиннің бір қарағанда оңай болып көрінетін қойылымдарының орындалуы қиын, ерекше техника мен стильді сезінуді талап етеді.

– Балет өзінің әсемдігімен баурап алады, бірақ сонымен қатар осының бәрі өте қарапайым жасалған, аздаған техника, қарапайым қимылдар деген ой ой салады.

– Әрине, егер «Кончерто барокко» туралы айтатын болсақ, қимылдар қарапайым. Қимылдардың қарапайымдылығы соншалық, оны мектептегі 5 класс пен 1 курстың бағдарламасы деп айтуға болады. Оның күрделілігі көрсетілуі мен стилінде. Бәрін аздап джаз сипатында және өте музыкалық түрде орындау қажет.

Дж. Баланчиннің «Кончерто барокко» балетінен көрініс.
Фото «Астана Балет» театрының баспасөз қызметімен ұсынылған

– Джаздық сипат деп нені айтасыз?

– Бұл белгілі бір қолдар, дененің белгілі бір қалпы, бір позадан екінші позаға өту: сол позаның өзін ұстап тұрмай-ақ, барлығын тұтас жасау керек. Оған қоса музыкалылық. Бұл басты қиындық. Музыканы есту, қимыл сипатын істеу, қандай стиль болса да – джаз немесе классикалық болсын осыны академиялық және таза жасау қажет, бұл дегеніміз өте шеберлікпен істелетін нәзік жұмыс.

– «Кончерто барокко» балетінде қимылдарды өте шеберлікпен ғана емес, сондай-ақ жоғары қарқында орындау қажет. Әртістерге үлгеру соншалықты қиын болды ма?

– Уақытында үлгеру үшін басты басымдылықтарды белгілеу қажет, ал бұл сабақтан басталады. Міне, мысалы, tendu battement – табанның жұмысы, акцент «и…раз», акцент өзіңе. Яғни, әдетте біз барлық назарымыз осы «и …»-ға, табанды созуға арнаймыз, бұл өте маңызды. Бірақ, сонымен қатар табан «бір» дегенге үлгеріп, бастапқы бесінші позицияға, өзіне қайтып келуі тиіс. Бізде бәрібір барлығы кешігіп жүреді, балалар ғана, сондай-ақ балет әртістері кешігеді. Табанды созып, осы аударылған өкшені көрсету – және қайтадан орнына әкелу. Тобыққабының жұмыс істеу үшін бұл ахилл сіңірлерін босатады. Сонда қан айналымы жақсы болады және аяқ ұйымайды, ісінбейді. Мұның бәрі анатомия, физиология, осы тәсілдердің бәрін түсінбесең Баланчин техникасымен жұмыс істеу қиын. Сонда сенің мүсінің асқақ, жоғары жағың еркін және музыкадағы барлық нәрсені көрсете аласың.

Дж. Баланчиннің «Кончерто барокко» балетінен көрініс.
Фото «Астана Балет» театрының баспасөз қызметімен ұсынылған

– Баланчиннің техникасы Сізге бұрыннан таныс па?

– Францияға келгенге дейін мен Джордж Баланчиннің балеттерін ешқашан кездестірмеппін. «Кончерто барокко» мен жеке билеген балеттердің алғашқысы болды. Бұл Тулузада, Нанетт Глушактың труппасында болды.

Мен батыс трупассына келгенімде, алдымен тек бақыладым, себебі не ағылшын тілін, не француз тілін білмедім. Мен олардың қалай жаттыққандарын қарап отырдым, себебі труппа құрама болды – америкалықтар, ағылшындар, француздар, бразилиялықтар, мен өзіме қажет болатын нәрсенің бәрін үйрендім. Мен түсінгенім, музыканы жақсырақ ести білу үшін техникамен жұмыс істеу қажет, менде техника болмады деп айтуға болады. Аяғыңның төменгі жағы болмаса, жалпы аяқтың жұмысы да болмайды. Әрине, мен жақсы базалық классикалық мектептен өткенмін, бірақ қалғанының бәрін қайтадан құруға тура келді.

 

– Өзіңізді қалай құрдыңыз? Ненің көмегімен?

– Бәрі оп-оңай құрылды, позициялардың есебінен. Бірінші позициядан бастап, аяқты аудару қажет, өз ерекшелігіңді ескере отырып, өзіңнің бұлшық еттеріңді басқара білу үшін олармен жұмыс істеу керек. Менің бұлшық еттерім туғаннан спорттық және аяқтарым икс формасында. Мектепте жүргенде ұстаздарымыз жауырынды төмен қой деп айтушы еді. Бұл не үшін керек? Бұл қимылды оңайлататыны соншалық, бас еркін қозғалады, дене мүсіні тік болады.

Өз денеңді бірден сезінесің, бұл бізге мектептен белгілі, ұстаздарымыз айтатын. Нанеттен естігендерімді ұстаздарым да айтатын: барлығы қолмен, барлығы баспен, жауырын төменге, мықын бұлшық еттерін тарту. Барлығы осы. Қалғанының бәрі болады. Бірақ, бұған, сахнадағы қойылған міндетке тап болғанда түсінесің, сондықтан қажеттілігне қарай өзің жасаған дұрыс. Мен артқы және ішкі, яғни ең берік, секіруге арналған белгілі бір балет бұлшық еттерін сезініп жұмыс істеуді осылай үйрендім. Оған қоса Нанет аздаған гимнастика өткізетін. Бұл гимнастика мықын, пресс, арқаға арналған. Баланчин оларды осылай үйреткен.

Нанетт Глушакпен «Кончерто барокко» балетінің жаттығуында.
Фото «Астана Балет» театрының баспасөз қызметімен ұсынылған

– Бірақ труппа үшін Баланчиннің техникасымен алғаш рет танысу Чайковскийдің музыкасына жазылған «Серенада» балетінде болды. Оның орындалуы қарапайым болды ма?

– Сіз білесіз бе, «Серенада» мен үшін көбірек билейтін, көбірек ұшатын балет. «Кончерто Барокко» балетінде құрылым көбірек, «Серенадада» лириканы көбірек қосуға болады. Оған қоса, Чайковскийдің музыкасы бұған мүмкіндік береді.

– Сіздің ойыңызша, онда сюжет бар ма? Бірақ Баланчин өзі айтқандай, бұл ай астындағы жай ғана би…

– Әр адам сюжетті өзінше көреді. Себебі ол осы балетті мектеп үшін қойды, менің ойымша, ол сюжеттерді әртүрлі балеттерден алды. Барлығы кәдімгі классикалық сабақтан басталады. Музыка ойналып, бір қыз жүгіріп шығады (оны мен орындаймын), ол сабаққа кешігіп келді. Кешігіп келді. Өз орын көріп тұрып қалады. Әріптесі шығады, класс басталып кетеді, барлығы билей жөнеледі. Үшінші бөлімде қыз құлап қалады, осы сәтті Баланчин өз мектебіндегі сабақ үстінде болған нақты оқиғадан алған. Бірақ мұнда музыканың көркемдік образдары, жинақтаулар көрсетіледі. Жас жігітпен арам ойлы періште келеді. Балетмейстер белгілі бір скультурамен мүсінделген басқа бір оқиға желісін алған. Соңында, қыз жалғыз қалады, ал екінші солист қыз жігітті алып кетеді, қыз есінен адасып, өледі. Міне мұнда «Жизель», менің ойымша, бірақ кордебалет «Сильфилда» балетінде сияқты қыздың соңынан кетеді. Міне, балеттерден алынған осындай цитаталар, бірақ тікелей цитата емес, себебі «Серенада» – бұл классикалық би мен романикалық балетке арналған әнұран. Менің анам, балетке жақын адам емес, балетті көріп, мүлде басқа оқиғаны көрді. Қарапайым адамға да бәрі түсінікті. Бірақ әр адам өзінше көреді.

Дж. Баланчиннің «Кончерто барокко» балетінен көрініс.
Фото «Астана Балет» театрының баспасөз қызметімен ұсынылған

– Техникасы бойынша күрделі ме? Мұнда қандай күтпеген кедергілер бар?

– Ұсақ техника, секіру техникасы. Кордебалет үшін қиыны, бұл синхрондылық, айқын сызықтарды сақтау, бірақ бұл жерде кантиленді де ұмытпау қажет, орындау кезінде жұмсақтық, пластика, нәзіктікті қосып отыру қажет. Мұны жасау қиын, мен білемін, себебі бұрын кордабалетпен бастағанмын. Бірінші солист көп секіреді және айналады. Бірақ, мен шыққанда, оның демалатын уақыты болады. Қиындығы стильді сақтап, өз образыңды, өз пайымдауыңды қосуда болып тұр.

Дж. Баланчиннің «Кончерто барокко» балетінен көрініс.
Фото «Астана Балет» театрының баспасөз қызметімен ұсынылған

Дж. Баланчиннің «Кончерто барокко» балетінен көрініс.
Фото «Астана Балет» театрының баспасөз қызметімен ұсынылған

– Музыканың аяқта емес, баста болғаны маңызды ма?

– Иә, Баланчинде музыкаға емес, сол музыканың өзін билеу маңызды. Көрерменнің, шынымен, сахнада музыканы, музыканың құрылымын көруі үшін. Яғни, сюжетті және неге бұл солай деген дәлелдерді іздемей, тек қана музыкалық тақырыптың қалай дамығанын көруі керек. Міне теза, міне антитеза, міне контрапункт – осының бәрін көрнекі түрде көресің. Баланчиннің балеттерін көріп, сондағы Стравинскийдің айтқаны – мен өз музыкамды көзіммен естідім. Бұл жерде сюжет жоқ деп айтуға болмайды. Өйткені музыкада абстрактілі сурет өнеріндегі сияқты әрдайым сюжет бар. Бірақ әрдайым оқиға емес.

– Екі спектакльдің екеуінде Астана Балет театрының сахнасына Баланчин Қорының атақты әрі беделді өкілдері шығарған, олар класс болып труппамен айналысқан. Баланчиннің техникасын Виктория Саймон мен Нанетт Глушактың көрсетуінде айырмашылық бар ма?

– Шынымен, ерекше айырмашылықты көрмедім. Әр ұстаздың материалды ұсынуы әртүрлі. Бірі бірден балетті басынан бастап, соңына дейін дәйекті түрде көрсетеді. Ал кейбіреулер бөліп көрсетеді: белгілі бір бөлікті жаттап алады – бұл бізде соңы; белгілі бір бөлікті жаттап алады – бұл бізде басы. Сосын барлығын біртұтас бөлікке жинайды.

– Техника бойынша әртүрлі орындалуы болды ма?

– Негізінде, болған жоқ, барлығы таныс болды. Виктория осы кластарды, қызықты комбинацияларды қалай берсе, Нанет те сабақтарды әртүрлі және сауатты өткізді. Екеуі де саған кешке спектакльде қажет болатын сабақ берді.
Мысалы, бір кеште Баланчиннің екі акті және бір заманауи спектакль болады делік. Бұл өте қиын. Нанетт бізге сол балетте кездесетін сол комбинацияларды беретін. Яғни, ол бізге не қажет болатынын алдын ала біліп отыратын, және соны беретін. Виктория да солай болды. Егер бізде секірулер болса, яғни – jete, battu, temps leve – ол бізге осының бәрін комбинацияда беретін. Сабақтан кейін аяғымыздың жаттықтырылуы үшін. Бұл жақсы көмектеседі, маған ұстаздардың сабақты пайдалы өткізгені ұнайды. Егер әртісте, мысалы, «Щелкунчик», әртістер өз денесін қоюы үшін білдекті балансқа береді. Егер әлдекімде айналулармен вариациялар болса, айналуларды қосады, әрине таза күйінде емес, вальсте, мысалы. Біздің денемізді жай ғана қыздыру үшін емес, біз қатысатын балетке дайындық үшін істейді.

«Астана Балет» труппасы Виктория Саймонмен.
Фото «Астана Балет» театрының баспасөз қызметімен ұсынылған

 

– Әртістер аяқтың классикалық позицияларын айқын сақтайды, ал қолдары еркінірек болады. Бұл стильдің ерекшелігі ме?

– Өте дұрыс айтасыз, қолдарында Баланчиннің стиліне тән ерекшелік бар. Мысалы, біз әрқашан қолымызды бірінші позиция арқылы көтеруге үйреніп кеткенбіз, ал оның техникасында олар дене бойымен қозғалады. Еркін, емін-еркін, әсем. Айналу кезінде, тез қозғалу үшін, қол буынын өзіңе қарай қатты қысқанда, жылдамдық артады. Баланчинді билегенде осы сәттердің барлығы қажет болады, олар саған шапшаңдық пен жылдамдық береді. Кез келген классикалық балетте – «Щелкунчик», «Лебединое озеро», – мен, әрине мұны істемеймін. Мен дәстүрлерді, академизмді сақтаймын, ал неоклассика стилінде Баланчин қалай қойды солай билеймін – еркін, бұл маған ұнайды. Өзіңді өзгеше сезінесің.

– Әмбебап әртіс болу қиын шығар, классикадан заманауи хореографияға, Петипадан Баланчин мен Форсайтқа ауысу?

– Бұл қиын, бірақ өте қызық. Осыған сәйкес болу үшін, дене стильдің барлық нюанстарын ұмытпауы үшін күн сайын өзіңмен жұмыс істеу қажет. Егер сенің денең, сенің аспабың, күн сайын жұмыс істейтін болса, онда сен әртіс ретінде ұзағырақ сақталып қаласың. Бұл өте маңызды. Сабаққа ертерек келіп, денені қыздыру керек, себебі әр адамның бұлшық еттері мен табандары, дене физикасы әртүрлі. Бірақ, өз кәсібінде жетістікке жеткісі келетін әртістер өздерінің әр күнін, әр сабағын алдын ала ойластырып қояды. Ал егер сенің әртүрлі қойылымдарды – классиканы, неоклассиканы, модернді билеу мүмкіндігің болса, онда сен үш есе жұмыс істеуге тиістісің. Аяқпен ғана емес, сондай-ақ не жасап жатқаныңды баспен ойлау керек. Міне, әртістің бақыты осында – мүлде әртүрлі партияларды орындау және өзінің шығармашылық диапазонын кеңейту.

Сұхбатты дайындағандар:
Рахымбердиева Сая Нурлановна – 4 курс студенті, Қазақ ұлттық хореография академиясы
Ғылыми жетекші – Мусина Флюра Борисовна – аға оқытушы, Қазақ ұлттық хореография академиясы

Яндекс.Метрика