Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жұмбақ Жаңа жыл

2018 жылғы 24 желтоқсанда Академияда төменгі және орта сыныптардың оқушыларына арналған «Жұмбақ Жаңа жыл» атты жаңажылдық іс-шара өтті. 

Мектеп-колледждің басшысы Кокшинова Светлана Юрьевна Академия тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады. Өз сөзінде Академияның жетістіктері мен табыстарын атап өтті, өтіп бара жатқан жылдың жарқын оқиғаларын еске алып, алдағы жылда жаңа табыстар тіледі.

Ертегі кейіпкерлерінің қойылымдары әуелгі бастан балаларды сиқырлы ертегі әлеміне баурап әкетті. Оқушылар мерекелік қызықты оқиғалардың әлеміне тап болды. Қойылым кезінде балалар өлең айтып, Аяз Ата және Қаршақызбен биледі, шығармашылық нөмірлерімен Мыстан кемпірдің көңілін аулады, кейіпкерлермен суретке түсті және жаңажылдық сыйлықтарға ие болды.   

Жаңа жыл – бұл, дәстүрлі мереке, таңғажайып күту, әсіресе балалар үшін.  Сондықтан,  әрбір іс-шара – бұл ертегі! Жаңа жыл – жылдың ең жарқын, мейірімді және бақытты мерекесі. Мереке  сиқырлы әрі тылсым.

Яндекс.Метрика