Қабылдау комиссияларының байланыстары

Үш тілде білім беру: қазіргі жайы және тәжірибе

2019 жылғы 19 қарашада «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ 2019-2020 оқу жылына арналған операциялық даму жоспары аясында оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасымен бірлесіп «Үш тілде білім беру: қазіргі жайы және тәжірибе» тақырыбында семинар өткізді. 

Семинардың мақсаты: озық тәжірибелердің нәтижесінде оқу процесіне енгізілген үш тілде білім беруді жетілдіру.

Семинар барысында үш тілде білім беру, профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ағылшын тілін білу деңгейін арттыру мәселелері, кадрлар даярлау бойынша сертификатталған бағдарламалар талқыланды. 

М.С. Нарықбаев атындағы Қазақ заң университетінен келген әріптестер үш тілде білім беруді іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Олардың қатарында: А.Б. Ибраева – жоғары гуманитарлық мектеп директоры; Д. Даулетбаева – ағылшын тілі департаментінің үйлестірушісі; Т.Ж. Кутебаев – педагогика және психология магистрі, Психология бағдарламасының үйлестірушісі болды.

Яндекс.Метрика